«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Сайрам ауданы, Арыс ауылдық округіндегі «Темір баба» кесенесі маңына тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, тазалық жұмыстары барысында өңірдегі скверлер аумағындағы ағаштар әктелді. Тұрғындардың қызу қолдауымен қарқынды өткен тазалық акциясында 50 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Сенбілік жұмыстарына аудан жастары мен белсенді еріктілер қатысты.