gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бәйдібек ауданындағы кесенелер маңы тазартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді

18 апреля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Бәйдібек ауданындағы кесенелер маңы тазартылып,  көгалдандыру жұмыстары жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

«Киелі мекен» апталығы аясында Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы кесенелердің аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылды. «Сырдария-Түркістан» табиғи паркінің ұйымдастыруымен табиғат жанашырлары жұмыла кірісіп, Боралдай филиалының Бәйдібек ата орманшылығының «Бәйдібек ата» және «Қос ана» кесенелері аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Атқарылған шараға Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалив, Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов арнайы қатысып, тазалық жұмыстарының барысын бақылауына алып, кесене аумағына ағаш отырғызды. Онда 100 түп орман және мәдени ағаш көшеті егілді.

Отырғызылған көшеттердің 50-і жай арша, 50-і өрік ағаштары. Сонымен қатар кесене аумағында ретсіз өскен шөптер жұлынып, қураған талдар бұталып, ағаш түптері әктелді. Аталған акцияға 50-ге жуық адам атсалысып, тазалыққа қажетті техникалар жұмылдырылды.

Бүгінгі шарада егілген көшеттер «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркінің жергілікті тұқымбағында өсірілген. Қазіргі таңда аудан аумағына тұқымбақта өсірілген шырша көшеттері егіліп, аудан сәніне сән қосып тұр.

Алдағы уақытта жоспарға сәйкес «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» бағыттары бойынша өңірлік парктің басқа да аумақтарында науқан өз жалғасын табады.

Previous Post

Түркістан облысында өзен-көлдердегі су деңгейі қалыпты жағдайда

Next Post

Түркістан облысының жастарына «Серпін» бағдарламасы бойынша насихат жұмыстары жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz