Биыл Чернобыльдағы ядролық жойқын жарылыс апатының орын алғанына – 38 жыл. Қала әкімі Жандос Тасов Чернобыль апаты орын алған кезде апаттың зардабын жоюға атсалысқан ардагерлердің еңбегі мен ерліктері бүгінгі жас ұрпаққа үлгі, патриоттық тәрбие екендігіне тоқталып, қоғамдық ұйымдардың проблемалық мәселелерін тыңдады.
Өз кезегінде қалалық «Чернобыль апатын жоюға қатысушылар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махсутхан Аккулиев сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Жиынға қатысушылардың талап-тілектерін тыңдаған қала әкімі айтылған ұсыныстарын тыңдап, жауапты басшыларға тапсырмалар берді.