gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында биыл 1000 шақырымнан астам жолға құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі

15 мая, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында биыл 1000 шақырымнан астам жолға құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 702 шақырым құрайды. Оның ішінде, республикалық маңызы бар жолдар – 723,1 шақырым, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар – 5710,7 шақырым, елді мекендердің көшелері – 11 268,2 шақырым.
Биыл облыстағы көлік инфрақұрылымын дамыту үшін бюджеттен 34,9 млрд. теңге қаралып, жалпы ұзындығы 1000,4 шақырым болатын 238 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарлануда. 2024 жылдың І тоқсанының қорытындысымен нысандардың басым бөлігінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігер және техникалық қадағалаушы мекемелер анықталды. Жыл соңына дейін 149 нысанды немесе 546,6 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарлануда.
Облыстық маңызы бар көпірлердің де жай-күйі назарда. Бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін 14 көпірді күрделі жөндеуден өткізуге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Оның ішінде, 2023 жылы КХ-21 автожолында орналасқан 1 көпірге (39+900шқ) құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, биылғы жылдың мамыр айында халық игілігіне пайдалануға берілді.
Сонымен қатар КХ-78, КХ-23, КХ-59 автожолдарында орналасқан 3 көпірді күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Тағы КХ-78, КХ-144, КХ-50 автомобиль жолдында орналасқан 3 көпірді жөндеуден өткізу бойынша мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қалған 7 көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім жолданды. Қаржы қаралғаннан кейін, жөндеу жұмыстары басталмақ.
2024 жылы жөндеуден өтіп жатқан жолдармен қатар, олардың бойында орналасқан 32 су өткізгіш құбыры жаңартылады. Бұдан бөлек, биыл 4 облыстық маңызы бар жолдың 9 аймағында су өткізгіш құбырларының көлемін ұлғайту жұмыстары атқарылуда.
Өңірдегі инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады.
Previous Post

Созақ ауданында биыл «Жайлы мектеп» жобасымен 900 орындық мектеп пайдалануға беріледі

Next Post

Ел тыныштығы – өзекті мәселе

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz