gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Арыста «BilimSTARS» зияткерлік сайысы өз мәресіне жетті

21 мая, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Арыста «BilimSTARS» зияткерлік сайысы өз мәресіне жетті
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес, М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің модераторлық етуімен «BilimSTARS» зияткерлік жобасының қорытынды кезеңі ұйымдастырылды. Финалдық кезеңге 6 мектеп жолдама алып, жүзден жүйрік шыққан командалар бақ сынасты.

Жобаның мақсаты – оқушылардың пәндер бойынша білімін кеңейту, көшбасшылық қасиетін айқындау. Сондай-ақ оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру.

Зияткерлік жоба 2 кезеңнен тұрды. Атап айтсақ, «Ғылыми жоба қорғау кезеңі» және «Функционалды сауаттылық тапсырмасы» деп аталады.

Жобаға Арыс қаласының білім бөлімнің әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.Молдашева, әдіскерлер Ж.Асылбекова, Д.Ахметжанова, мектептердің директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогтер мен оқушылар қатысты.

Зияткерлік жобаның қорытынды кезеңіне 26 мектептен 8-10-сынып оқушылары арасынан Үздік атанып, финалдық кезеңге жолдама алған 6 мектеп командасы жан- жақты ғылыми-шығармашылық ізденістерін көрсетіп жүлделі орындарды иеленді. Жүлделі 1-орынды Ә.Жангелдин атындағы жббм командасы қанжығаларына байлады. С.Адамбеков атындағы жббм командасы – екінші, Қаражантақ жббм командасы – үшінші орынды иемденді.

Сайыс соңында жүлделі орын алған және финалға қатысқан мектеп командалары білім бөлімінің дипломы мен қаржылай, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Previous Post

Түркістан облысында жаңа су үнемдеу технологиялары енгізілуде

Next Post

Төлебилік оқушы республикалық «Ілияс оқулары» байқауынан жүлделі оралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz