gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Төлебилік оқушы Халықаралық байқаудың Гран-при иегері

3 июня, 2024
in Білім
0
Төлебилік оқушы Халықаралық байқаудың Гран-при иегері
Share on FacebookShare on Twitter

Мамыр айының 23-27 күндері Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласында халықаралық «Ipek Yolu» балалар және жас таланттар өнер фестивалі өткізілді.  Түркия Республикасының «Maltepe Üniversitesi Konservatuvar», Халықаралық «Ipek Yolu» балалар фестивалінің Қазақстандағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен өнер додасына қатысқан Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы №5 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Мейірхан Рахым жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін Гран-при иегері атанды.

Халықаралық байқауға әлемнің барлық мемлекеттерінен талантты жастар қатысып, бақ сынады. Сарапшылар кішкентай өнерпаздың сахнада өзін-өзі ұстауына, дауыс ырғағына, сезімталдығына баға берді. Ұстазы, музыка пәнінің мұғалімі Татьяна Матвееваның қолдауымен, әуезді дауысымен, өнерін шыңдай білген жас талант иесі бас жүлдені жеңіп алды.

Димаш Құдайбергеннің әндерін тыңдап өскен Мейірхан тума талант иесі. Осы кезге дейін аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі байқауларға қатысып, өнерімен өрге шықты. Республикалық балалар шығармашылық «Bala Fest» фестивалінде бас жүлде иеленсе, ал «Zhibek zholy Kazakhstan» байқауының Гран-при иегері атанды. Осы байқау нәтижесімен Түркияға арнайы жолдама ұтып алып, талантымен әлемдік деңгейдегі сарапшылардың таңдайын қақтырып, еліміздің абыройын асқақтата білді.

Өнер иесі 2019 жылдан бері үлкен сахнада өнер көрсетуде. Ол  Ташкент қаласында өткен «Таланты Азии» халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпазы, Тараз қаласында «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасындағы «Ақ желең» республикалық байқауында вокал номинациясы бойынша жүлделі орыннан көрінді.

Төлеби ауданында күміс көмей әншілер, қылқалам шеберлері, қарымды жырларымен, шығармаларымен елімізге кеңінен танылған жастар саны артып келеді.

Previous Post

Діндегі татулық – тыныштық тірегі

Next Post

Түркістан облысында осы жылдың тамыз айына дейін 15 мектеп ел игілігіне тапсырылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz