Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 98 (74 мемлекеттік, 24 жекеменшік ) мектеп білім береді. Оның ішінде 72 жалпы орта мектеп, 9 негізгі мектеп, 13 бастауыш мектеп жұмыс істейді. Онда 63406 оқушы білім алады. Былтыр аудан бойынша 3063 түлек мектеп бітіріп, 1631 оқушы ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ нәтижесінде жалпы орта балл 65,0 балды құрап, 56 оқушы «Алтын белгі»,114 оқушы «Үздік аттестат» алған.
2022-2023 оқу жылында 3474 оқушы бітіруші түлек болса, оның 94-і «Алтын белгі» үміткері. Ал 280 оқушы «Үзік» аттестат үміткері болса, 512 оқушы 9-сынып оқушыларының «Үздік аттестат» алуға үміткер.
Биыл Ұлттық бірыңғай тестті екі рет тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. ҰБТ 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтпек. Екі куәліктің ішінен ең жоғары ұпайды алып, грант тағайындау конкурсына қатысуға болады. Грантқа өтпей қалса, ақылы бөлім ғана қалады. Оған да шекті ұпай жетпей тұрса, тамыз айында ақылы тест тапсыруға болады. Бағасы – 4 230 теңге.
Жалпы білім беретін 72 мектептерден ҰБТ-ға 1969 оқушы өтініш білдірген. Оның 1775 оқушы қазақ тілінде тапсырса, 191 оқушы орыс тілінде, 3 оқушы ағылшын тілінде тапсырады деп күтілуде.
Айта кетейік, ҰБТ-ға өтініш беру app.testcenter.kz сайтында жүргізілді.
Жалпы 5 пәннен 120 сұрақ беріледі. Ең жоғары балл – 140. Тест тапсырмаларын орындау үшін 4 сағат берілмек.