gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Ордабасыда оқушылар арасында робототехника сайысы өтті

21 мая, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Ордабасыда оқушылар арасында робототехника сайысы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы аудандық білім бөлімі мен Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесе отырып, Жастар сарайында аудандық «Қабілет» робототехника байқауы өтті.

Дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылығын арттыру арқылы білім деңгейін көтеру мақсатындағы сайысқа аудандық робототехника кабинеті бар 16 мектеп оқушылары қатысты. Жарыс 3 санаттан және 3Д принтерден жасап шығарылған заттардан көрме жасау бойынша ұйымдастырылды.

Байқауда оқушылар мен жетекшілері аудан әкімінің орынбасарының дипломы, сертификаттар және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды. Мәселен, І орынға 40000 теңге, ІІ орын – 30000 теңге, ІІІ орын – 20000 теңге, ынталандыру сыйақы 5000 теңге берілді.

Сызық бойымен жүру санаты бойынша – Д.Қонаев ат. жббм оқушысы Асылзат Камардин І орын, Бәйтерек жббм оқушысы Аянбек Сатыбалды ІІ орын, Жамбыл жббм оқушысы Нұржан Айтмырза ІІІ орын иеленді.

Робо асық ату санаты бойынша – «Төрткүл» жббм оқушысы Серік Мұхамедәлі І орын, Д.Қонаев ат. жббм оқушысы Айтбек Ақарыс ІІ орын, «Атамекен» жббм оқушысы Сәбит Наурыз ІІІ орын иеленді.

Робосумо санаты бойынша – Қ.Сыпатаев ат. жббм оқушысы Аптарбек Арман І орын, Д.Қонаев ат. жббм оқушысы Бақтыбай Мұхаммед ІІ орын, «Төрткүл» жббм оқушысы Кеңесбек Қуаныш ІІІ орын иеленді.

3Д принтерден жасап шығарылған заттардан көрме жасау бойынша үздік нәтиже көрсеткен мектептер – С.Мұханов ат. жббм, «Бәйтерек» жббм, «Зерде» жббм, С.Ысмайлов ат. жббм, Қ.Сыпатаев ат. жббм, Ш.Уәлиханов ат. мектеп-гимназиясы, С.Нұрмағамбетов атындағы жалпы білім беру мектебі.

Previous Post

Арыста «BilimSTARS» зияткерлік сайысы өз мәресіне жетті

Next Post

Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz