Түркістан облысында білім саласы қарқынды дамып келеді. Осыған орай көптеген білім ошақтары бой көтеріп жатыр. Бүгінде Түркістан облысының білім басқармасы айрықша еңбек етуде. Жақында Созақ ауданында Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің 200 орындық жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Сонымен қатар Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп-интернат-лицейдің, «Созақ» мектеп-гимназияның, «Суындық», Батырбекова, Ә.Молдағұлова және С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептердің жылу қазандықтары ауыстырылды.
Созақ ауданында 2023-2024 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жаңғырту мақсатында аудандағы мемлекеттік балабақшалар толық жабдықталды. Қажетті тұрмыстық техникалармен қамтамасыз етілді. Бірқатар балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық білім беру ұйымдарында электрондық құжат айналымын қамтамасыз ететін жүйе іске асырылды.
Аудан педагогтері Алматы және Шымкент қалаларындағы «Өрлеу» республикалық біліктілікті арттыру ұлттық орталығында, НЗМ Педагогикалық шеберлік орталықтарында біліктілігін арттыру курсынан кезең-кезеңімен өткізілді.
Барлық мектеп оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен толық 100% қамтамасыз етілді.
Аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы Тұрысбековтің қолдауымен ескі мұражай ғимаратына демеушілер арқылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. «Оқушылар үйін» ашу туралы облыс әкімдігінің қаулысы шығарылып, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мектептерге 100% бейнекамералар орнатылды.
Аудандағы барлық мектепке 100% дабыл батырмасы орнатылып, жедел басқару орталығына қосылды.
Сондай-ақ 700 оқушысы бар 8 мектепке турникет орнатылса, ал 20 мектепке Starlink (жылдамдығы 150-200 мб) спутниктік құрылғысы орнатылды.
Аудан мектептеріне құны 195 млн 806 мың теңгеге 15 дана заманауи үлгідегі (биология, физика, химия, STEM) кабинеттері сатып алынды.
Аудандағы қоршауы талапқа сай емес 3 білім беру ұйымының (М.Әуезов, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектептер) қоршауы ауыстырылды.
Жалпы аудан мектептерінде аз қамтамасыз етілген отбасы балаларымен қатар, 1-4-бастауыш сыныптың барлық оқушысына бір реттік ыстық тамақ берілді.
Ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға қабілетті, білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейтін «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылды. Сонымен қатар барлық мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының есебінен «Ауылдық тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектептің материалдық-техникалық базасы толық жаңғыртылды.
Аудан шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар мен олимпиадаларда жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, аудан абыройын асқақтата білді.