gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Жетісайда бір мектептің 27 түлегі «Алтын белгі» иегері атанды

15 июня, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Жетісайда бір мектептің 27 түлегі «Алтын белгі» иегері атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Жетісай ауданы Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясында мектеп түлектеріне арналған аттестаттарды тапсыру салтанаты өткізілді. Биылғы оқу жылында мұнда 88 түлек мектепті аяқтады. Оның ішінде 27 түлекке – «Алтын белгі» және 14 түлекке – «Үздік аттестат» тапсырылды.

– Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебірентіп, көңіл толқытатын сәт. Олай дейтініміз мектеп қабырғасында ұлағатты ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиесін алып, білім нәрімен сусындап өскен ұл-қыздарымыз жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басқалы тұр. Сапарларың оң болсын, жас түлектер! – деді мектеп-гимназия директоры Шохан Нұрбеков.

Жалпы өткен аптаның соңында 11 жыл бойы үздік атанған түлектер өздері оқыған білім ордасында «Алтын белгі» табысталды. 2023-2024 оқу жылында Түркістан облысында 1704 түлек «Алтын белгі» төсбелгісін алды, атанды. Сондай-ақ 2400 оқушы «Үздік аттестат» алды.

Айта кетейік, биыл мемлекеттік қорытынды емтихан 9-сынып оқушылары үшін 29 мамырдан бастап, 10 маусым аралығында жүргізілді. Ал 11-сынып оқушылары 28 мамырдан 11 маусым аралығында қорытынды емтихандарын тапсырды.

Жалпы өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында оқушыларға білім алғанын куәландыратын құжаттар табысталды. Мектеп директорлары бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Түлектер ұстаздарына алғыс айтып, білім алған алтын ұяларымен қимай қоштасты.

2023-2024 оқу жылында Түркістан облысы бойынша мектепті 31 210 оқушы бітіріп, 27 340 Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынауда. Түркістан облысында биыл 45713 оқушы 9-сыныпты бітіріп, бәріне аттестат берілді. Оның ішінде «Үздік аттестатқа» 4367 оқушы қол жеткізді. Ал 11-сыныпты 31210 оқушы аяқтап, қолдарына мектепте білім алғандарын растайтын аттестат тапсырылды. Осылайша 2023-2024 оқу жылында Түркістан облысында 9,11-сынып түлектерін қосқанда 77 мыңға жуық оқушыға аттестат табысталды.

Previous Post

Кентауда медицина қызметкерлері күні аталып өтті

Next Post

Мәзһаб ұстанудың маңызы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz