Балалардың жазғы демалысын пайдалы әрі қызықты өткізу мақсатында Сарыағашта тағы бір жазғы сауықтыру лагері балалар үшін есігін айқара ашты. Бүгінде «Балдәурен» жазғы тынығу лагері биылғы жылы 7 ауысым бойынша 2100 баланы жазғы демалыспен қамтиды. Ал бүгінгі тынығу лагерінің алғашқы легінде 300- тарта бала қабылданды.
Шара еліміздің Әнұранымен басталды. Балалар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің маусымдық ашылуына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, балаларға жазғы демалысты қызықты өткізуіне тіліктестігін білдірді.
– «Балдаурен» балаларды сауықтыру орталығының маусымдық ашылуы құтты болсын! Балалар – біздің болашағымыз, ертеңіміз. Елдігіміздің тірегі де осы жастардың арасында өсіп келеді. Біз, ең алдымен, бүлдіршіндердің балалық шағының бақытты өтуіне мүмкіндік жасауымыз керек. Қадірлі балалар! Сендердің жақсы білім алып, жақсы демалыс өткізулерің үшін барлық жағдай жасап жатырмыз. Сендер тек мектепте озат қана емес, ата-аналарыңның, елдің мақтанышы болуларың керек. Мен сендерге сенемін! Жақсы демалыс болсын! – деді аудан басшысы.
Мерекелік жиынға арнайы келген қонақтар балаларды, жиналғандарды мерекемен құттықтап, олардың барлық арман-тілектері орындалып, алға қойған мақсаттары жүзеге аса берулерін тіледі. Лагерьде балалардың демалуы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Мерекелік шара барысында Серік Сағитжанұлы орталық қызметін көріп, тынысын тамашалады. Сондай-ақ тынығу лагеріндегі балаларды жан-жақты дамыту бағытындағы атқарылып жатқан бастамалармен танысты.
Айта кетсек, аудан бойынша жазғы лагерьлерге 2100-ға жуық балаға жолдама беру жоспарлануда. Оның ішінде, аз қамтамасыз етілген отбасынан 1160, көпбалалы отбасынан 800, тұл жетім – 40, жартылай жетім – 50, үздік 150 оқушы бар. Жазғы маусымдық демалу ұзақтығы – 10 күн. 11 маусымынан бастап 23 тамызға дейін 7 ауысымды демалыс жоспарлануда. Аталған орталықта балалар іс-шара жоспарына сәйкес демалады. Таңертең таңғы жаттығудан басталып, күні бойы түрлі үйірмелер, байқаулар, спорттық жарыстар, ойындар мен би кештері ұйымдастырылады. Сондай-ақ, демалушылар 5 мезгіл ыстық тамақпен қамтылады.