gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысы республикалық семинардан 1-орынға ие болды

17 июня, 2024
in Білім
0
Түркістан облысы республикалық семинардан 1-орынға ие болды
Share on FacebookShare on Twitter

Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Табиғат аясында кітап оқу» тақырыбында кітапхана әдіскерлеріне және мектеп кітапханашыларына арналған республикалық семинар өтті. Аталған шараны Мемлекет басшысының бастамасымен бастау алған «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы ұйымдастырып отыр.

Семинар салтанатты түрде аудандық білім бөлімі өкілдерінің және Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернат директорының құттықтау сөздерімен ашылды. «Көкжиек-Горизонт», «Абай», «Шұғыла» баспаларымен қоса «SMARTKITAPHANA» мектеп кітапханашыларын автоматтандыру және цифрландыру» тақырыбындағы үздік жобаны «Edlıne» ЖШС бизнесті дамыту менеджері Арман Ажимуханов таныстырды.

Кітапхана саласына тың серпін берген семинарда Баянауыл ауданының ең көрікті жерлері Сабындыкөл жағалауында «Қазыналы Баянауылдағы Сабындыкөл жағалауында кітап оқу тақырыбында» Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды облыстары әдіскерлері мен мектеп кітапханашылары іс-шараларын таныстырса, «Аңызға толы табиғаты көркем Жасыбай көлінің жағалауында кітап оқу» тақырыбында Абай, Алматы, Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстары өз көрсетілімдерін ортаға салды.

«Ақбет тауының етегіндегі Торайғыр көлінің жағалауында кітап оқу» тақырыбында өз іс-тәжірибелерін Батыс Қазақстан, Жетісу, Павлодар, Ұлытау облыстары да көрсетіп өтті. Көркіне көз тойғысыз Баянауыл тауларында Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары әдіс-тәсілдерімен алмасты.

Алғаш рет табиғат аясында өтіп отырған ауқымды семинар жоғары деңгейде өтті. Нәтижесінде Түркістан облысы жүлделі I орынды қанжығасына байлады. Баянауыл өлкесінің саф ауасын жұтып, табиғатта кітап оқуды насихаттау және Қазақстанның көрікті жерлерін таныту мақсатында өткен семинар өз жалғасын табады.

Previous Post

Түркістан облысында жоғары сұранысқа ие мамандықтар анықталды

Next Post

Сапасыз тауарды айырбастау немесе қайтару

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz