gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Кентауда «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет» тақырыбында ата-аналар форумы өтті

22 мая, 2024
in Білім
0
Кентауда «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет» тақырыбында ата-аналар форумы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде ата-аналардың және мүдделі органдардың қатысуымен, қалалық прокуратура және полиция бөлімдерінің ұсынысына сәйкес, білім бөлімі мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет» тақырыбындағы ата-аналар форумы өтті. Форумның мақсаты –  қоғамда ата-ананың, ұстаздар мен оқушылардың мәдениетін қалыптастыру, олардың белсенділігін арттыру, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, отбасы құндылықтарын насихаттау, бала құқығы мен отбасы әлеуетін, білімі, денсаулығы, қауіпсіздігі, тағы басқа  өзекті мәселелерді талқылап, бастамаларды қолдау және жүзеге асыру. Сондай-ақ ата-аналарға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу және 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай 25 мамыр соңғы қоңырау жиынының өтілу алоритмін түсіндіру.

Жиынға  Кентау қаласы әкімінің орынбасары – Байболова Ақнұр Нұралықызы, қалалық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Жабанов Бауыржан Жақсылықұлы, қала прокуратурасының прокуроры – Абилкасымов Бақберген Дүйсенбекович, ПБ бірінші орынбасары полиция подполковнигі Түймебаев Данияр Тлеубергенұлы, ювенальді полиция бөлімінің басшысы,майор – Ахметов Жамболат Саруарұлы, білім бөлімінің басшысы – Ауелбеков Адил Арысбайұлы, қалалық емхана басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары – Андабасова Алия Сагидулатовна, қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы – Төлегенов Серік Даулетярұлы, Жастар ресурстық орталығының басшысы Азат Сұлтан Бақытұлы, ата-аналар, мектеп басшылары, тәрбие орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілер қатысты.

Жалпы биыл Кентау қаласында 2023-2024 оқу жылында 11-сыныпты 23 жалпы білім беретін мектептен 741, жекеменшік мектептерден 194, жалпы алғанда 935 түлектер 11-сыныпты бітіреді. Оқу жылының аяқталуына орай, жалпы мектептерде оқушылардың қатысуымен өтетін мерекелік іс-шаралардың алгоритмі, жол қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатта күндізгі, түнгі рейдтердің жүргізілуі, жазғы маусымдағы қауіпсіздіктер, бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолдары туралы баяндамалар оқылды.  Форум барысында  ата-аналарға брашуралар тарқатылып, жыл бойы білім ордасымен тығыз байланыста бірлесіп бала тәрбиесінде белсенділік танытқан ата-аналар марапатталды. Шара соңында  Әл-Фараби атындағы №14 мектеп оқушысының «Әке-Ана сіздерге мың алғыс» әнімен қорытындыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез», – деп ұлы Абай айтқандай, Ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет. Ұстаздар мен ата-аналардың  арқасында  тұтас бір буынның құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады. Бала тәрбиесі баршаға ортақ сондықтан жиында барша ата-аналарға бала тәрбиесінде белсінді болу ұсынылды.

Previous Post

«Абай оқуларының» облыстық кезеңі қорытындыланды

Next Post

Телефон терроризмі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz