Түркістан облысында биыл 32306 оқушы 11-сыныпты бітіреді деп күтілуде. Оның 1727-сі «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер, жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны – 2466. Ал, 9-сыныпты 45416 оқушы бітіреді деп болжануда. Оның ішінде негізгі білім туралы «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны – 4540. ҰБТ-ге 27 340 оқушы қатысады.
Бұл туралы бүгін Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Маханбетов Жандос Маханбетұлы, «2023-2024 оқу жылының аяқталуы мен оқушылардың жазғы демалысы» бойынша өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Биыл Түркістан облысында 45 мыңнан астам бала әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерлерінде демалатыны, оған облыс бойынша 22 сауықтыру лагерлері қызмет көрсетіп, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог қызметкерлер жұмыс істейтіндігі туралы аталып өтті.
Сондай-ақ Жандос Маханбетұлы жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтерлар, 80 облыстық колледж студенттері практикаға тартылып, 20 мыңнан аса бала ата-аналар есебінен ақылы демалатыны сонымен қоса, мектеп жанында 5 күннен шатырлы және киіз үйлердің жұмысы Оқу-ағарту министрлігінің берген нұсқаулықтарының негізінде ұйымдастырлып, оған 10 000 оқушы қамтылатыны және қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен төленетіндігі туралы жеткізді.
Бүгінгі күні лагерь жұмысын қызықты өткізу үшін «Үздік жаздық бағдарлама» байқауы жоспарлануда. Және де «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен өңірдегі 2 лагерде 3421 бала демалады деп күтілуде. Таулы аймақтарда маусым айында күннің суықтығына байланысты шатырлы және этно лагерлер жұмыстары шілде айында басталып, тамыз айының 23-іне аяқталады деп жоспарланды.
Бұған қоса, 350 мектепте 1 мезгілгі тамақпен ұйымдастырылатын мектеп жанындағы лагерлер жұмыстарын жүргізеді. Түркістан облысы бойынша 1-5 сынып оқушыларының жалпы саны – 256 197. Облыс бойынша барлығы 1-10 сыныптарда — 467 766 оқушы бар, оның ішінде – 366 123 (78,1) оқушыны қамту жоспарлануда. Осы мақсатта барлығы – 2 259 1 тенге қарастырылуда.
Қала сыртындағы лагерлердегі ауысымдар 1-5 маусым аралығында басталып, 5-10 сынып оқушылары қамтылады. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35 482 бала бюджет есебінен; Маусымдық лагерлерде жолдама құны 59 594 мың теңгені құрайды, әр ауысымның ұзақтығы – 10 күн.
Жасөспірімдердің Отанына, туған еліне деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық тәрбие беру мақсатында тарихи орындар – Түркістан, Отырар, Сайрам, Бәйдібек қалалары мен қаламыздың мұражайларына бару және туристік шерулер мен саяхаттар ұйымдастырып, оған 41 000 оқушы барады деп жоспарлануда.
Тағы бір айта кетерлігі, 1-10-сынып оқушыларына «Білімім – Отаныма» тақырыбындағы Бірыңғай сынып сағаттарын өткізу биылғы 24 мамырға жоспарланса, ал мектеп бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы ағымдағы жылдың 25 мамырында өткізілетін болады.
Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы 1052 мектепте 518 733 оқушы білім алады. Оның ішінде 912-мемлекеттік мектепте – 482 722 оқушы, 140-жекеменшік мектепте 36 057 оқушы білім алады.