gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Еуропалық ұстаздар Түркістанда тәжірибе алмасты

15 мая, 2024
in Білім
0
Еуропалық ұстаздар Түркістанда тәжірибе алмасты
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының «Инновация және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының ұйымдаструымен Түркістан облысының «Көшбасшы» өңірлік мектеп директорлары қауымдастығының «Мектепті басқару жүйесіндегі қоғамдастық байланыстың жаңа модельдері» тақырыбында конференция өтті. Өңірдегі білім саласының қызметкерлері қатысқан басқосуда Португалия және Испания елінен келген ұстаздар, Гранада университетінің профессорлары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мақсаты – білім беру ұйымдарын басқаруды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жетілдіру арқылы заманауи көшбасшының кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Жиында директорлар кеңесінің мүшесі, заңгер, әлеуметтік ғылымдар магистрі, ұлттық және Еуропалық деңгейдегі жобалардың аға кеңесшісі және бағалаушы Мария Мартинес Гонсалес қазіргі кезеңдегі адам ресурстарын және олардың инновациялық әлеуетін дамыту туралы кеңінен тоқталды. Ал Джоана Анрикес де Оливейра мектепті басқаруда әртүрлі секторлармен және жергілікті қоғамдастықпен байланыс орнатуда, жоба жұмыстарын жүзеге асыруда, жағымды және ынталандырушы орта құруда бірлесіп жұмыс жасауға ынталы екенін жеткізді.

«Көшбасшы» өңірлік мектеп директорлары қауымдастығының мүшелері шет мемлекеттерден келген ғалымдармен білім беру саласындағы өзекті мәселелер туралы ой қозғап, пікір алмасты. Халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, білімімді шыңдаймын деген азаматтарға мүмкіндік көп екені айтылды. Енді облыс ұстаздары  Еуропалық тәжірибені өңір мектептерінде кеңінен қолданбақ.

Previous Post

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Next Post

Дінтанулық сараптаманың маңыздылығы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz