Келес ауданы Жүзімдік ауылдық округінде орналасқан ЖШС «Балдырған» бөбекжай-балабақшасында «Жазғы сауықтыру кезеңін балаларға тиімді ұйымдастыру» тақырыбында өңірлік семинар болып өтті. Жазғы сауықтыру кезеңін өткізу барысында бұл семинардың берері мол болды. Ерекшелігі – балаларды жастайынан еңбекке баулу мақсатында арнайы «Шеберхана» ашылған. Онда балалар мобильді кітапханасы және тігін, тоқыма, асхана орталығы тағы бір ерекшелігі сазбалшық орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ саз балшықтан құмыра жасау тәсілдерін үйретіп қыздарды қамыр жаю әдістерін үйрететін орталықтары бар.
Семинарда мектепалды даярлық тобымен өткізілген «Жүзден жүйрік» интелектуалды сайыс ойыны, ересек тобымен өткізілген «Ұлттық ойындар» жаңа тәсілдерді топтастырған әрекеттер болып қатысушыларды қатты қызықтырды. Бұдан басқа топтарда өткізілген түрлі спорттық іс-шаралар мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндердің дамуы кезеңдерінде оң нәтиже беретін әрекеттер екендігі көрініп тұрды.
– Аптаның әр сәрсенбісін ұлттық құндылықтарға арнап тәрбиеленушілерді жан-жақты дамыған, жеке пікірі бар, өмірге бейім тұлға етіп тәрбиелеуде бұл ұжымның үнемі ізденісте екендігінің куәсі болдық. Заман талабына сай білім мен тәрбие беру жолында тың жаңалықтарды ендіріп, өз саласының маманы болған меңгеруші Урниса Қарсыбайқызы мен ұжымның ұсыныстарына қолдау көрсетіп отыратын құрылтайшысының еңбегі ерен екені көрініп тұр, –дейді семинар қатысушылары.
«Балдырған» бөбекжай балабақшасында аптаның әр сәрсенбі күні ұлттық күн деп жарияланған. Ол күні барлық бүлдіршіндер және қызметкерлер ұлттық киім киіп, көнерген ұлттық ойындарды жаңғырту мақсатында ұлттық ойындар ойнатылады. Балабақшаның мақсаты – балалардың танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытып оған тиімді жағдай жасау, бала денсаулығын нығайту, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеу. Бүгінде балабақшалар арасында сазбалшық, тігін, тоқыма, асхана үйірмелеріне деген қызуғышылық күн санап артып келеді.
Жалпы қолдан құмыра жасайтын саз үйірмесінің денсаулыққа тигізер пайдасы орасан зор. Ең алдымен адамның жүйке жүйесін тыныштандырады, шыдамдылыққа, ыждағаттылыққа үйретеді. Жас балалардың қол ұшындағы моторикасын дамытуға да көмектеседі сондай-ақ (аутизм) ерекше балалардың зейінін оятуға ықпалы жоғары.
Айта кетейік, «Балдырған» бөбекжай балабақшасы бүгінде бүлдіршін бөбектердің құштарлығы мен бейімділігін арттырып, балапандарға қанат бітіруде. Қазіргі таңда балабақшада 190 бүлдіршінге арналған орын бар.