gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ассамблея мүшелерінің қатысуымен «Бірлігі жарасқан ел мығым» атты дөңгелек үстел өтті

14 мая, 2024
in Қоғам
0
Ассамблея мүшелерінің қатысуымен «Бірлігі жарасқан ел мығым» атты дөңгелек үстел өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі құрметіне Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-і мен «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан ел мығым» атты дөңгелек үстел өтті.
Жиынға Түркістан облыстық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары мен өкілдері, Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері қатысты.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жиынға қатысушыларды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, қоғамның дамуында ынтымақтың маңызы зор екеніне тоқталды.
– Бейбітшілік пен тұрақтылық және қоғамдық келісім – мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, еліміздің бірнеше аймағындағы табиғат апаты салдарын еңсеру үшін жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, су тасқыны басталғаннан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы да ортақ істен шет қалмай, белсенді әрі үйлесімді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Түркістан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктер мүшелері еліміздің су тасқыны орын алған өңірлеріне дүркін-дүркін гуманитарлық көмек жөнелтті. Облыстағы Ассамблея мүшелері бүгінге дейін су басқан өңірлерге жалпы 165 млн. теңгеге 20 жүк көлігімен 496 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Мемлекет басшысы Түркістан өңіріндегі ел бірлігін нығайту бағытындағы жүйелі жұмыстарды оң бағалады. Ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз, елдігіміздің берік негізі. Отанымыз – Қазақстанды гүлдендіріп, тұрақтылық пен бейбітшілік мекеніне айналдыру үшін баршаңызға бейбіт күн, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілеймін! – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
Облыс әкімінің орынбасары өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысып, жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосып, су басқан өңірлерге гуманитарлық көмекті үйлестіруге еңбек сіңірген «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелерін алғыс хатпен марапаттады. Сонымен бірге көпшілікті «Таза Қазақстан» акциясына тұрақты әрі белсенді қатысуға шақырды.
Дөңгелек үстелде Түркістанның талантты оқушылары Отан, бірлік тақырыбында жалынды жырларын оқыды. Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зуппархан Чалданов, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облысы өкілдігінің мүшелері Нодиржон Хасантаев, Зарина Загидуллина және өзге де азаматтар, белсенді жастар сөз сөйлеп, ұсыныстарын айтты. Өңірде ел бірлігін нығайтатын, қоғамды ізгілікке жетелейтін іс-шаралар, жобалар жалғасады.
Кездесуден кейін «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облысы бойынша өкілдігінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Түркістандағы «Парасат» саябағы маңында ағаш көшеттерін отырғызып, «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты.
Previous Post

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1400-ден астам шара өтті

Next Post

Түркістан облысында биыл 65 мыңнан астам оқушы жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz