Сарыағаш ауданына қарасты Қабланбек ауылдық округі, Тасқұлақ елді мекенінде орналасқан «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде отбасылық «Әкем, анам және мен» атты спорттық сайыс өтті. Спорттық шараға аудан бойынша 4 отбасылық команда қатысып, белсенді өмір сүру үлгісін көрсетті. Ойын 5 кезең бойынша өрбіп, қызу әрі тартысты жалғасты.
Отбасылық спорттық шара салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен патриоттыққа, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу бағытында ұйымдастырылды.
Спорттың қорытынды есебінде тыңғылықты дайындықпен келген Камановтар отбасы бірінші орынға лайық деп танылды. Ал Жүсіповтер отбасы 2-орынға жайғасса, жүлделі 3-орынды Турдиевтер мен Сатыбалдиевтер отбасы еншіледі.
«Спорт – денсаулық кепілі» деп атой салған балалар арасында футбол және воллейболдан да командалық жарыстар ұйымдастырылып, тартысты ойын үлгісін көрсетті. Айта кетсек, «Балдәурен» сауықтыру орталығының тәрбиеленушілері арасында спорттық жарыстар мен қызықты сайыстар ұдайы өткізілуде. Бұл – жас ұрпақтың спортқа деген бейімін арттыруға сеп болмақ.
Жаз қызығын «Балдәрен» сауықтыру орталығында өткізіп жатқан балдырғандар отбасылық сайысқа қатысты. Сарыағаш аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен «Есіркіге қарсымыз!» атты іс-шара болып өтті.
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күні. Осыған орай жастар да аталмыш шараға үн қосып, салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын жеткізді. Жиын барысында балаларға ғасыр індетіне айналған есірткінің зияны мен зардабы түсіндіріліп, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. «Спорт – денсаулық кепілі» деп ұрандатқан отбасылар «Көңілді эстафета» сайысында бақ сынады.
Шара барысында тынығу орталығындағы тәрбиеленушілер мен тәлімгерлер арасында спорттық жарыстар өткізілді. Атап айтқанда, эстафеталық сайыстар, спорттың волейбол, дойбы, тоғызқұмалақ түрінен жарыстар ұйымдастырылды.