gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысындағы жазғы сауықтыру лагерлері 20 тамызға дейін жұмыс істейді

11 июля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Түркістан облысындағы  жазғы сауықтыру лагерлері  20 тамызға дейін жұмыс істейді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 2024 жылы 30 балаларды жазғы сауықтыру лагері қызмет көрсетуде. 998 мектеп жанындағы лагерлерде 320 641 бала қамтылды. Соның ішінде,  әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 35 434 бала бюджет есебінен тегін жазғы сауықтырумен қамтылса, 20 мыңнан аса бала ата-аналар есебінен ақылы демалады. «Қазақстан халқы қоры» есебінен 3421 бала тынығады. Бүгінгі таңда лагерлерде 25 696 бала демалды. Жазғы демалыс 20 тамызға дейін жалғасады.

Демалысты ұйымдастыру жөніндегі облыстық штаб құрамы бекітілген. Штаб өкілдері мен білім басқармасының, білім бөлімдерінің қызметкерлерімен жазғы сауықтыру қызметін ұсынған лагерлердегі балалардың жай-күйі, қауіпсіздігі мен жазғы демалыстың ұйымдастырылуы назарға алынған. Аптасына екі рет мониторинг жасалуда.

Жазғы сауықтыру барысында балалар түрлі бағыттағы танымдық, мәдени, шығармашылық, спорттық шараларға тартылуда. Сондай-ақ әр ауданнан 10 баладан 170 бала Бәйдібек, Отырар, Төлеби, Түлкібас, аудандары мен Түркістан қаласындағы туристік орындарға саяхатқа барды және 50 бала Астана қаласына барады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, жалпы жаз мезгілінде өңір бойынша 22 сауықтыру лагері жұмыс істейді. Оның ішінде 14 мыңнан аса педагог қызметкерлер жұмыс атқарады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтерлар, 80 облыстық колледж студенттері практикаға тартылады. Сонымен бірге, мектеп жанында 5 күннен шатырлы және икіз үйлердің жұмысы Оқу-ағарту министрлігінің берген нұсқаулықтарының негізінде ұйымдастырылады. Оған 10 000 оқушы қамтылатын болады. Қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен төленеді. Бүгінгі таңда осы лагерлердің жұмысын қызықты өткізу үшін «Үздік жаздық бағдарлама» байқауы жоспарланған. Таулы аймақтарда маусым айында күннің суықтығына байланысты шатырлы этно лагерлер жұмыстары шілде ай    ында басталып, тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Previous Post

Түркістан облысында 63 мектеп салынады

Next Post

Түркістан облысының делегациясы қытайда маңызды келіссөздер жүргізіп, меморандумдарға қол қойды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz