Сауран ауданында 60 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның 13-і мемлекеттік балабақша, 43 жекеменшік балабақша болса, 4-і шағын орталықтар. Мектепке дейінгі білім берумен 6563 бала қамтылған. Ал 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту пайызы 96,4%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі қамту – 100%-ды құрайды.
Ауданда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 542 педагог қызмет етеді. Соның ішінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру» мамандығы бойынша жоғары және кәсіби-техникалық білімді 533 педагог, оның 375-і жоғары білімді (66,4%), 146-сы кәсіби орта-техникалық білімді (26,9%). Сондай-ақ, жоғары біліктілік санатты қызметкер – 28, бірінші біліктілік санатты – 8.
Осы жылдың 2 тоқсанында ауданда мемлекеттік тапсырысты енгізе отырып, 165 орындық 4 жекеменшік балабақша ашылды.
Ауданда контингенті 25519 оқушыны құрайтын 53 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Оның 42-сі мемлекеттік болса, 11-і жекеменшік мектеп. Сыныптардың орташа толымдылығы 20,7 баланы құрайды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша білім сапасы 2022-2023 оқу жылында 58,5%. 2023-2024 оқу жылдың 1 жартыжылдығы бойынша білім сапасы 59,5, өсу 1%.
Биыл бөлімнің әдістемелік кабинет тарапынан педагогтердің әлеуетін көтеру мақсатында түрлі байқаулар, 50-ге жуық түрлі тәжірибелік, ақпараттық семинарлар өткізілді. 2023-2024 оқу жылында «Өрлеу» БА орталығы акционерлік қоғамының ТО және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты базасында 540, Педагогикалық шеберлік орталығы базасында 408, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру, ұлттық ғылыми-практикалық институты тарапынан ұйымдастырылған курста 80 педагог, 10 мектеп басшысы оқып, сертификат алды. Жалпы 1028 педагог, 10 мектеп басшысы оқып сертификат алған.
Осы жылдың мамыр-маусым айларында аудан педагогтары жаңа ереже бойынша аттестаттаудан өтті. Пәндер бойынша біліктілік тестісінен өткен 589 педагогтың – 58%, 2 кешенді аналитикалық іс-әрекет этапына жіберілді.
2023-2024 оқу жылында мектепті 1451 түлек бітірді. Оның 84-і «Алтын белгіге», 113-і үздік аттестатқа, 9-сыныптар бойынша 2228 бітірушіден 262-і үздік аттестатқа тәмамдады. Жалпы аудан бойынша ҰБТ-ға өтініш білдірген 1191 адамның бірінші мүмкіндікке 668-і қатысты. Оның ішінде, 714 түлек қазақ тілінде, 737-сі өзбек тілді оқыту мектебінен болса, 260 түлек өз еркімен тест тапсырудан бас тартты. Аудан бойынша орташа балл 65,4 пайызды құрап отыр. Аудан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша 130 балдан жоғары балл алған 4 оқушы бар.
Бұдан өзге республикада тұңғыш рет ұйымдастырылған Ауыл балаларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген Ауыл олимпиадасының бірінші кезеңіне Сауран ауданынан 6 оқушы республикалық кезеңге қатысып, жүлделі орындар алды. Жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 9,10,11-сыныптар бойынша 1012 оқушы қатысты. Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша – 504, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 508 оқушы. Соның ішінде 40 оқушы облыстық кезеңге өтіп, 3 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық кезеңде Ұлықбек мектебінің 10-сынып оқушысы Кеңесбай Асылай Қазақстан тарихы – ІІІ орын, № 1 жббм-ң 10-сынып оқушысы Низамова Диляфруз қазақ тілі мен әдебиеті – І орын, А.Үсенов мектебінің 11-сынып оқушысы Калкоз Аяулым құқық негіздері пәнінен ІІ орынға ие болды. Жалпы пәндер бойынша 7-8-сыныптар арасында 22 оқушы облыстық кезеңге өтіп, 1 оқушы республикалық кезеңге өтті. Ж.Тәшенев мектебінің 7-сынып оқушысы Мырзахмет Айбар география пәнінен І орынға ие болды. Сондай-ақ, жалпы пәндер бойынша 5-6 сыныптар арасында 9 оқушы облыстық кезеңге өтіп, 1 оқушы республикалық кезеңге өтті. Ауыл балаларына арналған Айқанат олимпиадасынан 6 оқушы үздік шығып, республикаға жолдама алды. Ауыл балаларына арналған «Мың бала» олимпиадасында 19 оқушы жоғары ұпай алып, еліміздің үздікер қатарына ілінді. Спорт саласы бойынша да аудан оқушылары көптеген республикалық, халықаралық белестерді бағындырды.
2024 жылдың 1 маусымынан сыбайлас жемқорлық қаупін болдырмауды қамтамасыз ететін «Мектепке дейінге мекемеге электронды кезек» жобасы енгізілді. Аталған автоматтандырылған кезек жүйесіне 13 балабақша мен 4 шағын орталық енгізілген. Барлық 53 жалпы білім беретін мектептер 100% электронды журнал енгізді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 42 білім беру мекемесінде 380 бақылау камерасы орнатылған. 2024 жылы облыстық ІІБ жедел басқару орталығына 23 жалпы білім беру мекемесі қосылды. Өткен жылы бөлімге қарасты 42 толығымен дабыл батырмасы орнатылып, жедел басқару орталығына қосылды. Бала саны 700-ден асатын 18 мектепке мамандандырылған күзетпен қамтылып, 10 мектептің қоршауы ауыстырылуда.
Қосымша білім берумен қамтылған мектептер үлесі – 59%. 42 білім беру мекемелерінде 7390 баланы қамтитын 484 үйірме мен 6700 оқушысы бар 132 спорт секциялары жұмыс істейді.
Биылғы жылы «Біртұтас тәрбие» кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымдарының базасынан ата-аналарды қолдау орталықтары ашылды. Ата-аналардың 99,1% Ата-аналар ассоциациясы құрамында, әр мектепте Қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар комитеті жұмыс істейді. Сонымен бірге, тұрақты түрде Аналар мен әкелер кеңесі жұмыс атқарады. 2024 жылғы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 530. Оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылықта – 37, патронаттық тәрбиеде – 2.
Білім беру ұймдары 2023-2024 оқу жылы жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатында әзірленген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» қабылданып, аудандағы барлық білім беру ұйымдары осы бағдарлама аясында жұмыс атқарды. Бағдарлама аясында барлық мектептерде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары 37 мектепте ашылды. Оның басты мақсаты – балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты күшейту, позитивті ата-ана мәдениетін дамыту. Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасына негізінде мектептерде «Даналық мектебі» клубтары құрылып, жұмыс атқарады. «Даналық мектебі» клубы 75 кездесу, 110 оқыту семинарлары, 28 дөңгелек үстел өткізді. Клуб отырыстарының тақырыбын айқындау кезінде Қазақстанның мәдени бірегейлігін сақтау және дамыту мақсатында міндетті түрде қазақ халқының құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу. Сонымен қатар, Қазақстанда тұратын басқа этностардың мұрасын ескере отырып, клуб қатысушыларының кездесулерінің тақырыбы мен мазмұнын мүмкіндігінше байыту ұсынылады.
Білім беру ұйымдарында оқушының қатысуымен түрлі бағытта 22 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Жыл бойы оқушылар «Күй күмбірі», «Жасыл мекен», «Шахмат ойнау», «Асық ату» республикалық челленджеріне қатысты. Жас еріктілердің бастамасымен ұйымдастырылған «Досболlike» – достық қолыңды соз» акциясы барлық мектептерде ұйымдастырылды.