gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Білім ордаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

4 июня, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Білім ордаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын  өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік саясаттың негізгі тірегі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді және кешенді іс-қимыл жүргізу. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қарқынды жұмыстар атқарылып, түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыру аясында бірқатар Заңдар қабылданды.

Оқу жылы аяқталар тұста білім мекемелерінде, әсіресе бітіруші сынып оқушылары арасында бітіру кештеріне, сыйлықтарға ақша жинау фактілерін болдырмау бүгінгі таңдағы басты міндет болып отыр. Сондықтан да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті тарапынан, бөлім тарапынан алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Биылғы жылы да Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің ұйытқы болуы, білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасованың қатысуымен мектеп, мектептен тыс мекеме, мектепке дейінгі ұйым басшыларының басын қосқан жиналыс өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы ескертілді. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев білім мекемелерінің басшыларына адалдықты сақтау, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, жастарды парасаттылыққа тәрбиелеу жөнінде әңгіме қозғап, оқу жылының аяқталуына байланысты бітіруші түлектер арасында қаражат жинау мәселесін болдырмау туралы ескертті. Департамент тарапынан осы бағытта атқарылып жатқан кешенді шараларға тоқталып, арнайы дайындалған бейнеролик ұсынды. Өз кезегінде білім мекемелерінің басшылары сұрақтарын жолдап, тиісті жауаптарын алды.

Сонымен қатар, қаладағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілі Тұңғышбаев Ерұлан Икрамұлының төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша кеңес өтті.

Ерұлан Тұңғышбаев Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістер бойынша баяндама жасады.

Депатамент өкілі  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ТБН-4 жобаларын орындау бойынша түсініктеме берді. Жобалық басқару – бұл, ең алдымен, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін көрсетуде, нақты нәтижелерге қол жеткізуде, сондай-ақ формализмнен алшақтауда көрініс тапқан институционалдық реформалардың маңызды кезеңі. ТБН-4 шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру үшін мүмкіндіктер ашылатынын айтты.

Мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу, қоғамда және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, басшылыққа, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Колл орталығына (1424 ) дереу хабарлау керектігін ескертті.

Previous Post

Түркістан облысының түлектері ауылдарына «Рәміздер» алаңы мен тутұғырлар тарту етті

Next Post

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz