Сарыағаш ауданы №75 Ж.Жабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Тұрдықұлов Сүлеймен Рақымжанұлы аударыспақтан Қазақстан Республикасының 3 дүркін чемпионы атанды. Ол ағымдағы жылдың 10 және 13 мамыр аралығында Алматы облысында жастар арасындағы аударыспақтан өткен ҚР 18 чемпионатында топ жарып, алтыннан алқа тақты.
Алматы облысында 3 күн қатарынан өткен сайысқа 2004-2006 жылы туған әр өңірден келген тақымы тарамыс жігіттер 9 салмақ дәрежесінде өз бақтарын сынады. Нәтижесінде 62 келі салмақта облыс намысын қорғаған Сүлеймен Тұрдықұл қоржынымызға алтын сыйлады.
Сүлеймен Тұрдықұлов бұл спорт түрімен 4 жылдан бері айналысып келеді. 4 жылдың ішінде 3 рет Қазақстанның чемпионы атанып үлгерді.