Кентау қаласында мобильді интернет сапасын жақсарту мақсатында базалық станциялар салу жұмыстары қолға алынған. Айталық, Кентау қаласы әкімдігінің жер телімін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен табыстау туралы №106 қаулысына сәйкес, Кентау қаласы, Бүргем көшесі бойынан «Кар-Тел» билайн байланыс операторының базалық станциясын салу үшін» (кад:№19-304-018-3153) жалпы алаңы 0,0100 гектар болатын жер телімі 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен табысталған болатын. Сонымен қатар, Ащысай аулы әкімінің жер телімін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен табыстау туралы №4 шешіміне сәйкес, Кентау қаласы, Ащысай ауылы, Нышанбаев көшесінің бойынан «Кар-Тел» билайн байланыс операторының базалық станциясын салу үшін» (кад:№19-304-037-135) жалпы алаңы 0,0100 гектар болатын жер телімі 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен табысталған-ды.
Бүгінде қалада білім беру ұйымдарын интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде. Кентау қаласы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Н.Өскенбайдың мәлімдеуінше, өңірде кеңжолақты Интернет желісіне 23 мектеп қосылған. Оптика талшықты интернетпен – 19 мектеп, мыспен – 4 мектеп тартылған. Білім ұялары (Оның ішінде 4 мектеп – 50 мб/с, 6 мектеп — 40 мб/с, 5 мектеп – 30 мб/с, 2 мектепте – 20 мб/с, 6 мектепте – 8 мб/с). Бұл 91,3 пайызды құрады. Ащысай ауылындағы 2 мектеп (№7 мен №8) 4 м/б спутниктік интернетпен қамтылған. Алдағы уақытта білім беру ұйымдарында интернет жылдамдығын арттыру мақсатында «Қазақтелеком» АҚ-ның кешендік жоспарына сәйкес 2023-2024 жылдар аралығында интернет жылдамдығы төмен мектептерді 20 Мб/с жылдамдыққа жеткізу жоспарлануда. Мектептерде wi-fi желісімен 23 мектеп толық қамтылған. Интернет желісімен қамтамасыз етілуде. Кентау қалалық білім бөліміне қарасты мектептердің ішінде : 21 мектепте – «ҚазақТелеком» АҚ, 1 мектепте – «Транстелеком» АҚ, 1 мектепте – «Старлинк».
Жыл басынан бері Кентау қаласы әкімі аппаратына ұялы байланыс және интернет сапасының нашарлығына байланысты 4 өтініш (арыз) келіп түскен. Оның біреуі Ащысай ауылы әкімі аппаратынан, қалған өтініштер жеке тұрғындардан (E-Otinish АЖ және ауызша түрде) келіп түскен.
Ащысай ауылы әкімі аппараты Ащысай ауылында Beeline және Activ байланыс операторлары нашар жұмыс жасайтындығы жөнінде мәселе көтерген болатын. Осыған орай, Кентау қаласы әкімі аппараты тарапынан ҚР ЦДИАӨМ-і Телекоммуникациялар коммитетінің өңіраралық байланыс инспекциясына жоғарыдағы кемшіліктерді негізге ала отырып, ұялы байланыс, интернет желісінің сапасын жақсартуға және байланыс операторларына жоспардан тыс тексеру жасауын сұрау арқылы хат жолданды. Сонымен қатар, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына және Актив белгісін ұсынатын «Кселл» ЖШС-нің директорына, Билайн белгісін ұсынатын «Кар-Тел» ЖШС-нің директорына арнайы хаты жолданды.
Нәтижесінде «Кар-Тел» ЖШС-і Ащысай ауылындағы желінің таралымын жақсарту мақсатында Ащысай ауылы әкімінің шешімімен базалық станция салуға жер телімі берілді. Жақын уақытта құрылыс жұмыстары басталып, бұйыртса бұл мәселе толық шешімін табады. Кентау қаласы, Пушкин көшесі №5 үйдің тұрғыны зариф Арзиметов интернет сапасының нашарлығын, интернет желісін жүргізу керектігін айтқан болатын. Сала мамандары «Қазақтелеком» және «Транстелеком» АҚ-ның 26.03.2024 жылғы №02-16-14/5918 санды шығыс жауап хатында бюджет жоспары шектеулі болуына байланысты 2024 жылғы жоспарда аталған мекенжайдың жоқтығын мәлімдеді. Бірақ, келесі жылы жоспарға қосу мүмкіндігі қарастырылуда. Айта кетейік, «Өзін-өзі қаржыландыру» схемасы бойынша тұрғын өз қаражаты есебінен жүргізу мүмкіншілігі бар.
Кентау қаласы Шұғыла мөлтек ауданы және Айсауыт көшелерінде интернет сапасын жақсарту және байланыс операторларына жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін ҚР ЦДИАӨМ-і Телекоммуникациялар коммитетінің өңіраралық байланыс инспекциясына аты жолданған болатын. Нәтижесінде ҚР ЦДИАӨМ-і Телекоммуникациялар коммитетінің өңіраралық байланыс инспекциясы тарапынан барлық тексерулер жүргізіліп, таратушы байланыс операторлары анықталып, аталған мекенжайлардың интернет сапасын жақсарту мақсатында ҚР ЦДИАӨМ-і Телекоммуникациялар коммитетінің өңіраралық байланыс инспекциясы тарапынан байланыс операторларына хат жолданған. Барлық нәтижелерді өңіраралық инспекция Кентау қаласы әкімі аппаратына 26.04.2024 жылғы №04-02/398 санды шығыс хатымен ресми жолдаған болатын.
Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы тарапынан Кентау қаласына қарасты Шоқтас шағын жинақтық бастауыш мектебінде Starlink спутникті интернет орнатылып, электр энергиясы жоқ болуына байланысты қосылмай тұрғандығы хабарланған. Осыған орай Кентау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөліміне аталған мәселені шешу бойынша хаты жолданып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Кентау қаласы бойынша АЕМ сапалы мобильді интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша биылғы жылға Кентау қаласына бекітілген индикторлық көрсеткіш 96 пайыз. Сала мамандары бүгінге дейін соның 94 пайызы орындалғанын айтады.
Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабековтің айтуынша, бүгінде облыс аумағында жалпы 2 053 379 тұрғыны бар елді мекендердің 386-сы 3G және 304 ауыл 4G мобильді интернет желісімен қамтылған. Түркістан облысының мобильдік интернет желісімен қамтылу деңгейі халық санына шаққанда 92,2%-ды және ауылдық елді мекен санымен есептегенде 83%-ды құрайды. 139 АЕМ-нің 100-і 2G мобильді байланыс желісімен қамтылған. Жол картасы аясында халық саны 250-ден жоғары 81 елді мекеннің 50-ін 2024-2025 жылдары интернет желісімен қамту жоспарлануда.
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысының бекітілген ауылдық елді мекендерін мобильді интернет желісімен қамту жол картасы негізінде биыл байланыс операторлары (Кселл, Билайн) өз қаражаты есебінен 106 базалық станса орнатуды жоспарлап, қазіргі таңда жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.