Кентау қаласында «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы жұмыс істегісі келетін жастар былтырғыдан 30% — ға артқан. Кәмелетке толмағандардың өзі еңбектенуге ниетті.
Бүгінде қалада аталған еңбек топтарының жұмысы басталды. Енді жастар жаз бойы қаланы абаттандыруға атсалысып, жасыл қаланың экологиясын жақсартуға атсалысады.
Маусым айынан бастап кезекті еңбекті 30-ға жуық жас бастады. Жалпы үш айға 90 жасты еңбекке тарту жоспарланған. Олар әр айда кезегімен жұмыс істейді. Қазіргі таңда 16-34 жас аралығындағы оқушы, студент және жұмыссыз жастар қаланы көгалдандыру жұмыстарына үлес қосуда.