Соңғы уақытта Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне онлайн дүкен арқылы сатып алынған сапасы лайықсыз, тауарды жеткізуге қатысты шағымдармен жүгіну жағдайлары жиілеп кетті. Атап айтқанда 2024 5 айында 100-ден аса өтініш түсті.
Департамент күн сайын тұтынушылардың әртүрлі шағымдарын қарастырып мұқият талдап және оларға мемлекеттік органдар тарапынан жедел әрекет етеді өтініштердің 90% астам қанағаттандырылды.
Мәселен: Түркістан облысының тұрғыны Түркістан қаласында орналасқан дүкеннең интернет арқылы диван-трансформерге тапсырыс береді. Тұтынушы үнемі интернет арқылы тауарларды сатып алады, өйткені онлайн сатып алудың көптеген артықшылықтары бар, атап айтқанда: уақытты үнемдеу, кең таңдау, бағаны бақылау және салыстыру мүмкіндігі бар. Көп жағдайда ондағы тауарлар кәдімгі дүкенге қарағанда әлдеқайда арзан, сонымен қатар тиімді акциялар мен жеңілдіктер жиі ұсынылады. Алайда диван-трансформер тұтынушыға жеткен кезде ол көрсетілген талапқа сәйкес келмегені анықталды. Тұтынушы интернет дүкенге сапасыз тауар үшін ақшасын қайтарып алуға талап қойған кезде, дүкен қызметкерлері талабын орындамады. Сондықтан тұтынушы наразылығымен Департаментке хабарласуға мәжбүр болды.
Департамент қызметкерлері тұтынушыға шағым беру алгоритмін түсіндіріп, істің түрлі нюанстарына назар аударып интернет дүкенге наразылық хат жазуға көмегін береді. Бірақ заңмен белгіленген мерзімде интернет дүкен наразылық хатқа жауап бермеді. Департамент интернет дүкенге тексеріспен барғанда интернет дүкен өзінің әрекеттері арқылы тұтынушының құқығын бұзғанын мойындады. Департамент дүкенге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарды. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 190-бабы 5-бөлігінің 2) 3) тармақшалары негізінде ескерту түрінде әкімшілік жазалар берді. Нұсқаманы орындау үшін интернет дүкен тауардың ақшасын қайтарып тұтынушыдан кешірім сұрады.
Департамент халықтың құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында instagram.com/dtzpp_turkestan/ және Facebook әлеуметтік парақшаларын белсенді жүргізуде, онда сәйкесінше 2000 аса ақпараттық және түсіндіру сипатындағы материалдар орналастырылған.
Сондай-ақ, тұтынушылардың құқығын бұзудың алдын алу мақсатында Департамент төмендегі кеңестерді ұсынады:
— тауар туралы ақпаратты, оның ішінде тауардың кепілдік мерзімі және жарамдылық мерзімі туралы ақпаратты мұқият зерделеу;
— сатушыдан тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты талап етуге ;
-сатушының байланыс деректері және тауарды айырбастау/қайтару шарттары туралы ақпарат берілмеген күмәнді интернет-ресурстарда тауарға тапсырыстарды жүзеге асырмауға;
— тұтынушылар құқықтарының бұзылу фактісін дәлелдеу үшін фото-және бейнетіркеу жүргізу;
Егерде өз құқығыңыздың бұзылғанын байқасаңыз, дүкен сөрелерінде тауар бағасы жазылмаған фактілерді анықтасаңыз немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі байқалса, я болмаса сапасыз қызмет алсаңыз Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне сол кәсіпкерге қатысты арыз-шағым білдірсеңіз болады. Ол үшін «жедел желі» нөмірлеріне (+7771 322 8282, +7700 606 0071, +7775 224 5616, +7707 347 3876), сондай-ақ электронды және жазбаша өтініштерді департаменттің мекенжайына (Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, 32 көше, 16 ғимарат, А корпусы, 427 кабинет), «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жіберуге болады.