Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар барысын пысықтау мақсатында жиын өтті.
Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен ауыл әкімдері, қалалық маслихат төрағасы Қ.Елеусізов және «Amanat» партиясының Кентау қалалық филиалының төрағасы А.Басаров, зиялы қауым өкілдері мен қалалық полиция бөлімінің басшылығы мен құрамы, сектор меңгерушілері қатысты.
Алдымен 109 байланыс орталығының басшысы Ж.Қожахметов әр сектор бойынша анықталған кемшіліктер мен атқарылған жұмыстар барысын баяндап өтті.
Қалалық полиция бөлім басшысының орынбасары Ә.Тоқберген полиция тарапынан атқарылған жұмыстар барысын баяндап өтті.
Қала басшысы қаланың тазалығын сақтау бір мекемеге ғана жүктелмей, қоғам болып атсалысып, вандализм мен бейберекет тасталған қоқыстардың иелерін анықтап заң шеңберінде жұмыс жасау қажеттігін атап өтті.
Одан бөлек, қаладағы 4 сектор меңгерушілерімен бірге учаскелік полиция қызметкерлдері етене жұмыс жасап, тұрғындарға түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды.
«Енді үйіңіздің айналасына не көше бойларына бейберекет қоқыс немесе тұрмыстық заттарды тастасаңыз заң аясында жауап беруіңізге тура келеді». Себебі, жиында полиция басшылығы тазалық шарасына бейжай қарайтын азаматтармен жұмыс жүргізуді қолға алмақ.
«Қала – баршаға ортақ». Таза қала болу үшін – тазалық шарасына барлық тұрғынның қолдауы мен атсалысуы маңызды. Дені сау, саналы ұрпақ — таза қалада дамуы керек.
Жиынды қорытындылаған қала басшысы барлық қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдерін, полиция қызметкерлері мен қала тұрғындарын «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында өтіп жатқан әрбір сенбілікке белсенді қатысуға, тазалық мәдениеттілігін арттыруға атсалысуға шақырды.