Кентау қаласында өткен жылы 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Бүгінде нысанның үшінші қабатындағы қыштар қаланып жатыр. Сондай-ақ, 1,2 -ші қабатта электр желілері жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары толығымен жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов құрылыс барысында болып, мердігер мекеме басшысына жұмыстарды уақытылы әрі, сапалы атқару керектігін айтты.
Сонымен қатар, Ш.Уәлиханов көшесінде инвестор «Сами Строим» ЖШС-нің күшімен 3 қабатты 30 пәтерлі 2 тұрғын үй салынып жатыр. Қазіргі таңда құрылысшылар 1-ші қабаттың қабырғасын қалауда.
Айта кетейік, Кентау қаласы бойынша бүгінгі таңда мемлекеттік тұрғын үй кезегінде жалпы – 4856 азамат тіркелген. 2018-2024 жылдар аралығында 1057 кезекте тұрған азаматтарға мемлекет тарапынан пәтер берілді.