Қала әкімі Жандос Тасов құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аймақтарды аралап шықты. Сондай-ақ, асфальт төселіп жатқан көше жолдарын бақылады.
Құрылысқа жауаптыларға әрбір жұмыс барысы назарда екенін ескертіп, сапасына және уақытылы жүзеге асуына баса мән беру керектігін айтты.
Жалпы, Кентау қаласында 374 шақырымды құрайтын 416 көше бар. Бүгінге дейін қанағаттанарлық жолдардың ұзындығы 81 пайызға жетті.
Биыл 14,5 шақырымды құрайтын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында Кентау қаласына қарасты Қарнақ, Байылдыр ауылдарында 14,6 шақырымды құрайтын 22 көше орташа жөндеуден өтеді. Нәтижесінде қанағаттанарлық жолдардың үлесі 87,3 пайызға жетеді деп күтілуде.