Кентау қаласында «Нашақорлық және есірткілердің заңсыз айналымымен Халықаралық күрес күніне орай» әуесқой футбол командалары арасында турнир ұйымдастырылған. Ақтық нәтижесіне дейін жеткен командалар өзара жеңісті бөлісті.
Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жалғасбек Жақаев жарысқа қатысушыларды доп додасының аяқталуымен құттықтап, барша командаларға ақтық бәсекеге дейін белсенділіктері үшін алғысын білдірді.
Жарыс қорытындысы бойынша бағы мен баптары келісіп,тартысты өткен жарыста мықтылықтарын дәлелдеген «Жас ұлан» командасы бірінші орынды жеңіп алды. Тамаша ойын көрсеткен «Фк SA» командасы екінші орынға тұрақтады. Үшінші орынды «BB» командасы иеленді.
Сондай-ақ, «Үздік ойыншы» номинациясымен Уалихан Бименов, Мақсат Абдрей, Сағым Акбердиев, Жеңіс Махкамаев марапатталды.