gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Кентауда Сұлтанбек Қожановтың 130 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

30 мая, 2024
in Қоғам
0
Кентауда Сұлтанбек Қожановтың 130 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Кентау қаласында саналы ғұмырын халықтың ертеңі мен бүгініне арнаған қоғам қайраткері, қаза елін құру жолында аянбай еңбек еткен Сұлтанбек Қожановтың 130 жылдығы аталып өтті. Жиын барысы ұлтын ұлықтаған ұлының ескерткішінде еске алу шарасынан басталып, алаш арысының рухына тағзым етілді.
Қаладағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Сұлтанбек Қожанов және ұлттық мемлекет құру идеясы: тарихы мен бүгінгі тәжірибелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны тарих ғылымдарының докторы, профессор, Сұлтанбектанушы Хазретәлі Тұрсұн жүргізіп отырды.
Ғылыми конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері, отандық ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мұрағаттары мен мұражайларының қызметкерлері, докторанттар мен жалпы білім беру мекемелерінің басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияны Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Сұлтанбектанушы,профессор Хазретәлі Тұрсұн, филология ғылымдарының кандидаты Нариман Нұрпейіс, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Сұлтанбек Қожановтың жиен немересі Гүлсара Қабланова, философия (Phd) ғылымдарының докторы Саян Шылмамбетов, оқытушы Алғабек Қабыл, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ докторанты Жамелов Бағлан баяндама жасап, ұлт жанашырының өмірі, тарихы жайында пікірлер айтылды. Конференцияда Сұлтанбек Қожановтың еңбек жолдары насихатталып, жан-жақты тың мағлұматтар айтылды.
Айтыскер ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының және республикалық ақындар айтысының «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков пен республикалық «Әліппеге арналған дидактикалық хрестоматиялық оқу құралының» авторы, республикалық «Алтын қалам» байқауының лауреаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Ділдагүл Нұрмұхамед ұлт қайраткеріне арнау өлең оқып, көпшілікті жырларымен тербетті.
Тарихи мағынаға толы маңызды конференцияда бірқатар елазаматтарына қала әкімі Жандос Тасов «С.Қожановқа 130 жыл» төсбелгісімен марапаттады.
Жиынның жалғасы тұғыры биік тұлғаның 130 жылдық мерейтойына арналған дастарханға ұласты. Дастархан басында алаш арысының ағайын-туыстары мен жақындары, елағаларыда С.Қожанов жайында ой тербеп, әңгімелерімен бөлісті. Сондай-ақ қала әкімі аталған азаматтарға төс белгіні табыс етті.
Саяси қуғын — сүргіннің құрбанына айналып кете барған ұлттың маңдайына біткен алаштың асылы Ақсүмбенің ақсұңқары, ұлтын шексіз сүйген ұлы тұлға Сұлтанбек Қожановтың еңбегін ұлықтау, дәріптеу бүгінгі ұрпаққа парыз.
Previous Post

Кентауда тұрғын үйлерді көгілдір отынға қосу жұмыстары жүруде

Next Post

Төлебиде жыл соңына дейін 3 мектептің құрылысы аяқталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz