gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда заңсыз жер қойнауын пайдаланушылармен күрес күшейеді

21 мая, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда заңсыз жер қойнауын пайдаланушылармен күрес күшейеді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қала әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен, қала әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске қала әкімінің орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен мекеме басшылары қатысты. Мәжілісте Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы С.Асылхан Кентау қаласы және оған қарасты ауылдарда заңсыз жер қойнауын пайдалануды алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылған шаралар туралы, қалалық газ қызметі КММ директоры А.Әміртаев қала аумағындағы тұрғын үйлердің орталықтандырылған табиғи газ жүйесіне қосылу барысы, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы мен қаладағы санитарлық тазалық барысы жайында қала әкімдігі аппаратының бөлім басшысы Ә.Елеусізов, 109 байланыс орталығының басшысы Ж.Қожахметтің қаладағы секторлар бойынша атқарылып жатқан жұмыстары тыңдалды. Әр сала басшысының баяндамасын тыңдаған қала басшысы бірқатар мәселелерді көтерді. Заңсыз жер қойнауымен айналысып жүргендерді анықтап, оларға тосқауыл қою бойынша қатаң тапсырма берді. Сонымен қатар, қаладағы орталық жылуға қосылған жеке сектордағы үйлерді және кәсіпкерлік нысандарды түгелдей көгілдір отынға өткізу бойынша белгіленген мерзімге дейін орындау туралы тапсырма берді. Қаланың әр бөлігінде жүргізіліп жатқан санитарлық бақылау барысында анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіру, тұрғындарға құрылыс қалдықтарын бей-берекет тастамау бойынша түсіндірме жұмысты тоқтатпай жүргізу керектігін атап өтіп, сала басшыларына ескерту жасады. Мәжіліске қатысушылар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылып, кемшіліктерді жою үшін тапсырмалар берілді.

Previous Post

Кентауда мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Next Post

Түркістан облыстық сотының төрағасы Кентау қаласына жұмыс сапарымен келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz