ҚҰРМЕТТІ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі 2024 жылғы 15 мамырда сағат 12.55-те «Өрт-2024» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу шеңберінде және облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында, электрдабылдар қосылатынын хабарлайды.
Осыған орай, Сіздерден үрейге салынбауларыңызды және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ Кентау қаласы ТЖБ Сіздерге Төтенше жағдайлар орын алған жағдайда электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.
Егер дабылке кезінде үйде болсаңыз:
-радио және теледидарды қосыңыз;
-берілген хабарламага сәйкес әрекет етіңіз.
Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:
-көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен және жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
-берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.



