Қала әкімі Жандос Тасовтың тапсырмасына сәйкес, қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтіп жатқан білім нысандарын аралады.
Аралау барысында құрылысы жүріп жатқан мектептерде орын алған кемшіліктер мен ақауларды анықтап, түзету бойынша тапсырма берді.
Сондай-ақ жұмысты сапалы, әрі уақытында атқаруды құрылыс жүргізуші мекемеге ескерту жасады. Әрбір атқарылған құрылыс жұмыстары басшылықтың жіті бақылауында болады деді.
Биыл Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы «Махмуд Қашғари атындағы жаратылыстану бағытындағы мектеп-лицейі» мен «Қарнақ атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Онда мектептердің бастауыш ғимратының есік, терезе, еден, жылу батареясы және жылу трубалары ауыстырылып жаңартылуда.
Сонымен қатар мектептердің негізгі ғимаратының ішкі және сыртқы сырлау жұмыстары жүргізілуде.