«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Кентау қаласында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аталған шараларға тұрғындар белсене атсалысып жатыр. Ардагерлер, әжелер және жалынды жастар бірігіп республикалық тазалық акциясына өз үлестерін қосуда.
Қаладағы «Жастар саябағында» тазалық шарасын өткізіп, саябақтың айналасын қоқыстан, төңіректі арамшөптерден тазарту жұмыстары атқарылды.
«Тазалық – саулық кепілі. Біз өскелең ұрпақтың таза жерде, дені сау болып өскенін қалаймыз. Сол себепті әрбір тұрғын өз ауласының айналасын үнемі тазартып, отырған жерлерінің тазалығын сақтаса ең таза, ең мықты ел болатынымызға сенімдіміз. Барша тұрғындарды әрбір өткізілген сенбілікке белсенді қатысуға шақырамыз!» деді, қалалық «Ардагерлер кеңесінің» төраға міндетін атқарушы М.Юлдашев пен «Әжелер алқасының» төрайымы Р.Жұмагелдіқызы.
«Таза Қазақстан» экоакциясы аясындағы сенбілік қаланың басқа аймақтарында да жалғасын табатын болады.