Кентау қаласы Хантағы ауылындағы тау баурайында қалалық «Жастар ресрустық орталығының» ұйымдастыруымен еріктілер арасында жүгіріп отырып қоқыс жинау, плоггинг шарасы өтті. Ол салауатты өмір салты мен экология қамқорлығын біріктіретін ұғым.
«Таза Қазақстан» аясында жастар арасында «Plogging» жүгір және тазала акциясы 6 топқа бөлініп өткізілді. Онда әр топ мүшелері жүгіріп отырып, тау баурайы мен өзен-сулардың жағалауларын қоқыстардан тазаратты.
Акцияға белсенді қатысып, үздік атанған топтарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Одан бөлек, тазалық шарасына қаланың тазалығына жауапты мекеменің қызметкерлері де атсалысты.
Акцияның басты мақсаты спорттық шара арқылы экологиялық тазалықты қамтамасыз ету.