Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы ауылшаруашылыққа бейім өңір. Бүгін де ауылдағы шаруақожалықтар жазғы өнімдерін жинай бастады. Соның бірі бірнеше жыл қатарынан мол өнім жинап келген «Тажиддин ата» шаруақожалығы.
Жалпы, аумағы бес гектарды құрайтын қарқынды бау-бақшада алманың бес түрлі отырғызылған. Аталған шаруақожалық 2016 жылы іске қосылған. Сол кезеңде бау-бақшаға жаздық алманың 3 түрінен 4 мың көшеті егілсе, күзгі алманың 2 түрінен 6 мың түп ағашы отырғызылған.
Бұл кәсіп түрі отбасылық шаруашылыққа айналған. Отбасы мүшелерінен бөлек, басқа да ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Биылдың өзінде 100 тоннадан аса өнім алуды жоспарлауда. Болашақта жер көлемін 20 га дейін ұлғайтып, жеміс түрін көбейтуді жоспарлап отыр.