Сыбайлас жемқорлық бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып тұр. Сондықтан ел ішінде «жегі құрт» аталып кеткен жағдаймен қоғам болып күреспесек болмайды.
Кентау қаласы әкімі аппаратында жемқорлықпен күреске баса мән берілген. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң нормаларын түсіндіру және оның алдын алу шаралары туралы кездесулер мен жиындар жиі жиі ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, комплаенс офицері корпоративтік және әдеп құндылықтарын арттыру мақсатында кездесулер өткізіліп отырады. Ай сайын кәсіпкерлер мен азаматтарға құқықтық насихаттау жұмыстары да үздіксіз жүргізіліп келеді.
Кентау қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының жоспарына сәйкес, биылғы жылы комиссия отырысы 2 рет өткізіліп, қаладағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін талдау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау шаралары талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бағытындағы шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және қала әкімдігінің ресми интернет ресурстарында үнемі жариялануда.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы мен Әдеп кодексі талаптарын бұзудың алдын алу бойынша құқықтық оқыту, түсіндірме жұмыстары үнемі өткізіліп тұрады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы бойынша білім, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қолдау, құрылыс, инфрақұрлым, тұрғын үй салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында, ұжымдарда мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен тұрақты түрде жиналыстар ұйымдастырылып, хаттамамен рәсімделуде.
Пара, сыйлық бермеу және алмау туралы жадынамалар, 1424 телефон нөмірі көрсетілген парақшалар барлық мемлекеттік мекемелер ғимараттарының көрнекі жерлеріне орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсететін бөлім қызметкерлері мен қызмет алушылардың арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында, қызмет алушымен тікелей қызмет көрсетілмей, әр әлеуметтік салаға қатысты автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан, Әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын әрекеттерді хабарлау үшін барлық мемлекеттік органдар мен ауыл әкімі аппараттарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған «Сенім телефоны» және «Сенім жәшігі» оңтайлы көрінетін жерде орналастырылған.
Ал, Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырып келемін.
Бұл бағытта да жиі-жиі семинарлар мен тәжірибелік жиындар ұйымдастырылуда.
Мемлекеттік қызмет атқаруда орын алған әр түрлі құқық бұзушылықтарды талдап, оған жол бермеу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Кентау қаласы әкімдігінің ғимаратында, ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде Әдеп жөніндегі уәкілдің мәліметтері, қабылдау күндері туралы ақпарат орналастырылған. Кез келген қала тұрғыны қабылдауға жазылып, хабарласуына болады.
Бауыржан Әбенұлы,
Кентау қала әкімі аппаратының басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкіл