Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері жақында (2024 жылғы 1 сәуірден бастап) электр энергиясымен жабдықтау қызметтеріне реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензияларының қолданылуын тоқтата тұрғаннан кейін мүмкін болды.
Бүгінде тұтынушылардың кепілдік беріп жеткізушілерге көшу процесі жүріп жатыр. Бұл кепілдік беріп жеткізуші көрсететін қызметтер көлемінің ұлғаюына, сәйкесінше еліміздің 13 өңірінде тарифтердің төмендеуіне ықпал етті.
Жалпы, атқарылған іс-шаралардың арқасында 129 060 шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы үнемдеуі айына 1,7 млрд теңгеден астам соманы құрады.
Айта кету керек, өңірлердегі тарифтердің айырмашылығы электрмен жабдықтаудағы әртүрлі схеманың болуымен және Бірыңғай сатып алушының сату бағасы мен сатып алынған электр энергиясына, электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығына, энергия беруші және өткізу ұйымдарының тарифтеріне, жеткізілетін электр энергиясының көлеміне және басқа да тариф құрылымына байланысты түсіндіріледі.
Тұтынушыларға арналған тарифтердің деңгейі де дифференциацияға байланысты. Бұл ретте, еліміздің өңірлеріндегі тұрғындар үшін тарифтер деңгейі өзіндік құннан төмен болып белгіленді.
Жалпы, жүргізілген жұмыстың нәтижелері ШОБ субъектілерін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу кезінде қолдауға мүмкіндік береді. Бұл шағын және орта бизнес субъектілерінің тауарлар мен қызметтерді өткізу кезіндегі шығындарын төмендетуде халыққа жанама оң әсерін тигізді.
Анықтама:
- 2024 жылғы 1 мамырдан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысында – 1,2%-ға «Алматыэнергосбыт» ЖШС;
- 2024 жылғы 1 мамырдан бастап Түркістан облысы мен Шымкент қаласында – 12,4%-ға «Энергопоток» ЖШС;
- 2024 жылғы 5 мамырдан бастап Қарағанды облысында – 14,55%-ға «КарагандаЖылуСбыт» ЖШС;
- 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Астана қаласында – 18%-ға «Астанаэнергосбыт» ЖШС;
- 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Ақмола облысында – 4,6%-ға «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС;
- 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Қарағанды облысында – 10%-ға «Энергоуголь ХХІ» ЖШС;
- 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Қарағанды облысында – 10%-ға «Расчетный сервисный центр» ЖШС;
- 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Солтүстік Қазақстан облысында – 7,14%-ға «СевКазЭнергосбыт» ЖШС;
- 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Жетісу облысында – 16,2%-ға «ЖетысуЭнергоТрейд» ЖШС;
- 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Ақтөбе облысында – 4,5%-ға «Актобеэнергоснаб» ЖШС;
- 2024 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысында – 5,1%-ға «Экибастузэнерго» ЖШС;
- 2024 жылғы 10 маусымнан бастап Қостанай облысында – 17%-ға «Рудненская Энерго Компания» ЖШС;
- 2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қостанай облысында – 5%-ға «Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС.