Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойғандығы дүйім жұрттың әлі есінде. Енді ауыл әкімін таңдауда әр тұрғын тікелей дауыс беру құқығын қолдана алады. Сондай-ақ, ауыл әкімі лауазымына азаматтардың өзін-өзі ұсынуына жол ашылды.
Бұдан бөлек, өздеріңізге мәлім жеке сектор ұйымдарының басшылары да өздерін бұл лауазымға үміткер ретінде ұсына алуы.
Аталмыш өзгерістер, еліміздің экономикасының дамуына үлкен үлес қосып жүрген іскер жастардың ел тізгініне келуіне жол ашты.
Сонымен қатар, азаматтардың конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттырып, халықтың билікке деген сенімін арттыра түсті.
Ауыл әкімі – елді мекеннің бюджетін басқарып, көркеюіне мүдделі бірден-бір лауазым иесі. Осындай жауапкершілікті арқалау әрине кез-келгеннің қолынан келе беретін іс еместігі баршамызға аян.
Жалпы сайлаудың бұл тәсілі көптеген елдерде бар. Түптеп келгенде, бұл қадамдар халықтың әл-ауқатын арттыруға және еліміздің болашағын баянды етуге ықпал етеді және маңызды демократиялық қадам болып саналмақ.
Аталған өзгерістерге сай қазіргі таңда өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білген білікті мамандар бүгінде лауазымды орындарға жайғасып та үлгерген. Айта кетсек, соның бірі – Түлкібас ауданының тумасы Дидарбек Әкімбекұлы Райымбеков.
Ол, өз еңбек жолын «Строй Снаб ЛТД» ЖШС-нің түрлі лауазымда жұмыс атқарған. Іскер маман берілген бұл мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, қазіргі таңда тұрғындардың қолдауына ие болып Түлкібас ауданы, Машат ауылдық округінің әкімі болып сайланған.
«Мемлекеттік құрылымдардың қызметіндегі барлық нәрсе ашық, қолжетімді, қоғам үшін түсінікті болуы тиіс» — деген мемлекет басшысының саясаты үлкен өзгерістер мен жаңашылдық әкелуде.
Бұл тұста, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуі және де жеке сектор ұйымдарының басшылары мен ауыл әкімі лауазымына азаматтардың өзін-өзі ұсынуына қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадам жан-жақты ойластырылып, дәйекті түрде жүзеге асырылған қадам екендігі нақтылана түскендей.
Ең бастысы, мемлекетіміз ішкі және сыртқы саясатта да тұрақты және басқа елдермен салыстырғанда қолайлы екендігін алға тартқан жөн деп санаймыз
Елге қызмет-абыройлы міндет!
ҚР МҚІА Түркістан облысы бойынша департаменті