Елімізде алғаш рет өткізіліп жатқан Өңірлік кадр резервіне іріктеудің «Құрылымдық сұхбат» кезеңі басталды.
Іріктеудің мақсаты — өңірдегі білімді, талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар мен жас басқарушылардың тобын қалыптастыру.
Комиссия отырысын облыс әкімі, комиссия төрағасы Дархан Сатыбалды ашып, комиссия отырысына қатысушы комиссия мүшелерін, қоғам өкілдерін таныстырып, кандидаттарға сәттілік тіледі.
Құрылымдық сұхбат кезеңінде кандидаттар өздері таңдаған салалық бағыттарға сәйкес дайындаған жобасын қорғап, комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Айта кету қажет, 2024 жылғы 1 наурызынан бастау алған осы іріктеуге қатысу үшін облыста 634 кандидат онлайн портал арқылы өтініш білдірген.
Оның ішінде заңнаманы білу тестілеуіне 297 үміткер қатысып, одан әрі жеке қасиеттерін бағалауға 110 үміткер жіберілген. Нәтижесінде, Астана қаласында Асессорлармен өткен «Құзыреттерді бағалау» кезеңіне қатысуға 62 кандидат мүмкіндік алған.
Осы «Құзыреттерді бағалау» кезеңіне жіберілген арасынан 50 кандидат бүгінгі өткен іріктеудің «Құрылымдық сұхбат» кезеңіне жіберіліп отыр.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті