ҚР Конституциясы күні және жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында Қазығұрт ауданына қарасты Қызылқия ауыл округі Атажұрт елді мекенінде 100 орындық «Айнатас» атындағы негізгі орта мектебінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне табысталды.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов Атажұрт елді мекеніндегі тұрғындарды мерекемен және жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, қуаныштарына ортақтасты. Қазығұрт ауданының құрметті азаматы Н.Аширов, Қызылқия ауыл округының ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қонақбаев , «Атажұрт» елді мекенінің ақсақалы А.Байшукуров құттықтау сөзін сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді. Жаңа нысанның лентасын қию рәсіміне қатысып, білім ордасын аралады.
Айта кетейік, биылғы жылы аудан бойынша 2 мемлекеттік 1 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді. Атажұрт ауылы бұған дейін мектебі жоқ елді мекендер қатарында еді. Жаңа мектептің ашылу салтанатында жергілікті тұрғындар қуаныштарын жеткізіп, алғыстарын білдірді.
Қазіргі таңда бұл мектепте 235 оқушыға ,21 мұғалім сапалы білім беріп, саналы ұрпақ қалыптастыру тұрғысында еңбек ететін болады. Мектеп 2 қабаттан тұрады. 19 оқу сыныптары, 35 орынды асхана, арнайы пән кабинеттері (Физика, Химия, информатика) қарастырылған. Бұдан бөлек, зертхана мен ұлдар мен қызданға арналған шеберханаланы барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. Спорт залы тек мектеп ішінде емес, мектеп ауласында ойын алаңдары ретінде жасалған.Білім ордасының қауіпсіздік жағы да күшейтілген.