Түлкібас ауданында бүгін 300 орындық білім лрдасы жас ұрпаққа 1 қыркүйек “Білім” күні қарсаңында пайдалануға берілді.
Бүгінгі жас ұрпаққа кемел білім беретің, жаңа мектептің ашылу дүбірлі қуанышты күнімен және алғашқы қоңырау салтанатты жиында қуанышты сәтті бірге бөлісуге Түркістан облысының әкімнің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы мен педагогтар,ата-аналар қауымы қатысты.
Мектептің ашылу салтанатына қатысқан жас ұрпаққа заманауи білім беретін білім ұясының мүмкіндіктері зор, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Елді түзетуді бала оқыту ісімен бастау керек» деген ұранды алға тартып, ұл-қыздарымыз сапалы білім алуы үшін оларға қолайлы жағдай жасауымыз керек. Биыл мемлекет тарапынан білім саласына баса назар аударылды. Баланың мінез-құлқының негізі мектепте қалыптасады. Сондықтан ұстаздар мен ата-аналарға еліміздің болашақ мәдениетті, білікті, еңбекқор патриоттарын тәрбиелеу жолында сәттілік тілеймін, – деді облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев.
Жаңа білім ұясы 3 қабаттан тұрады. 100 орынды асханасы мен спорт зал, акт залдары бар. Мектеп ауласында да балаларға арналған футбол, волейбол алаңшалары қарастырылған. 24 сынып кабинетінен бөлек, мұғалімдер бөлмесі, қыздар мен ұлдарға арналған еңбек кабинеттері салынған. Бұдан бөлек, кітапхана мен 2 медициналық кабинет бар. Мектепте жеделсаты жұмыс жасайды. Сондай-ақ, Мектептің мектепалды даярлық және 1-11 сыныптың оқу бағдарламаларын оқытуға барлық мүмкіндігі бар. Оқушылардың білім алуына зертханалық кабинеттер, бастапқы әскери дайындық кабинеттерімен толық жабдықталған. Сонымен қатар, химия, биология, физика, информатика сыныптары соңғы үлгіде жабдықталған.
Майлыкент ауылдық округіне қарасты, Бақыбек мөлтек ауданында 50 орындық саманнан салынған «Кезең» бастауыш мектебі жұмыс жасап келген. Жаңадан үйлер бой көтеріп, халық санының күн санап өсуіне байланысты жалпы білім беретін мектеп ашу қажеттілігі туындаған. Енді мектеп ғимараты өз алдына жаңа мектеп болып ашылды.
Салтанатты шарада мектеп құрылысын жүргізген «ArKUaGroup» мердігер компаниясының директоры Елтаев Қуаныш құрылысты жоспарланған мерзімінде сапалы аяқтауға мүмкіндік туғызған өңір азаматтарына алғысын білдіріп, жаңа ғимараттың кілтін мектеп директорының м.у.а Сауганбаева Кымбат Жетпіспайқызына табыстады. Бұдан соң өңір басшысы сәні мен салтанаты келіскен мектеп ғимаратының ішкі құрылымымен танысты.