Кентау қаласы, Шоқтас ауылындағы жалпы орта мектептің ауласынан көп функционалды спорт алаңы пайдалануға берілді. Қала әкімі Жандос Тасов ауыл тұрғындары мен балаларды білім күнімен құттықтап, ойын алаңшаның лентасын қиды. Белсенді ауыл тұрғынына өңірдің дамуына қосқан үлесіне ризашылық білдірді.
Аталмыш мектеп былтыр ғана бой көтеріп, пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда ауылдың 350 оқушысы білім алады. Балаларға білім мен тәлім беруде 100-ге жуық ұстаз қызмет атқарады. Мектеп оқушыларына барлық жағдайы қамтылған білім ордасының заманауи спорт залы бар. Мектеп құрылтайшысы Насымбек Джанадилов биыл балаларға арнап ашық алаңға жаңа ойын алаңшасын салып берді.
Ойын алаңшаға Кентау қаласының құрметті азаматы, спорт шебері Қанатбек Шағатаевтың есімі берілді. Алдағы уақытта бұл алаңша ауыл балалары үшін кез-келген уақытта спортпен шұғылдануға мүмкіндік бермек.