Жаңа дəуірдің күн тəртібінде тұрған мəселе — білім беру, ғылымды дамыту. Барлық өркениет атаулының өзегі білім, ғылым, тəрбие екендігі ақиқат. Осы орайда Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сəйкес Отырар ауданының білім бөлімі жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Сапалы білім — ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бұл ұстаным ең бірінші кезекте, ал сапалы білім ол мектеп қабырғасынан басталады. Осы мақсатта білім беру ұйымдарының жұмыс көрсеткіштері төмен- дегідей.
Аудан бойынша 2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде 11 сыныпты 826 оқушы бітіріп, 748 яғни, 90,1%-ы ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды. Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы бойынша жалпы орта балл 76,3 құрап отыр. Бітіруші түлектердің 439, яғни 58% мемлекеттік грант иегері атанды.
Қоғам дамуының ең басты шарты — шығарма- шыл тұлға тəрбиелеу десек, сол шығармашыл тұлғаны тек шығармашыл ұстаздар тəрбиелейді. Ізденімпаз, жаңашыл, өз мамандығын жақсы меңгерген мұғалімдерден биікті бағындыратын шəкірттердің де жыл сайын қатары көбеюде.
2023-2024 оқу жылында білім сайысына қатысып, білмекке құмарлығын дамытып, ақылы мен күш- жігерін шыңдап, білім-ғылым үйрен- бекке талап қылушы оқушыларымыз облыстық,
республикалық білім сайыстарынан жеңіспен оралды. Республикалық олимпиада мен байқаулардан 8 оқушы жүлделі орындардан көрініп, аудан мерейін үстем етті. Сондай-ақ 2023- 2024 оқу жылында алғаш рет «Ауыл мектебі» оқушыларына арналған пəндік олимпиадаға 784 оқушы қатысып, 312 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Республикалық кезеңге 5 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі орын мен 1 оқушы номинация иеленді.
«Кітап — ақылына ақы сұрамайтын қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшылы Əлішер Науаи. Осы орайда «Кітапхан» жобасы бойынша облысымызда оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру негізінде С.Əшіров атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Қалдыбай Таңшолпан облысымызда «Кітапхан» ханшайымы аталып, бас жүлдені иеленді.
Отырар ауданында қосымша білім беру ұйымдарының саны — 5. Спорт саласына қарасты 2 мекеме жұмыс істейді. Жалпы қосымша біліммен 3897 бала қамтылып, балалар санынан 28,3% құрайды. «Отырар» жазғы сауықтыру лагеріне 7 ауысыммен 900 оқушы қамтылды.
2023 жылынан Жаңа мөлтек-ауданға «Жайлы мектеп» жобасы аясында 600 орындық 1 мектеп салынуда.
Жалпы оқу жылының басты міндеті – ұстаздардың жағдайын жақсарта отырып, білім беру ұйымдарының жауапкершілігін арттыру болып табылады.
Бекмұрат Бақыт Бекмұратұлы,
Отырар ауданының білім бөлімінің міндетін атқарушы