Түркістан облысы білім сапасының индекстер композициясы бойынша Келес ауданы 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша көш бастап тұр. Атап айтқанда Білім алушылардың білім жетістік- терінің мониторингі қорытындысы бойынша облыстағы 17 ауданның ішінде 1-орын, РISA (Programme for International Student Assessment) Халықаралық бағалауы бойынша 6-орынға жайғасқан ауданның білім сапасы жыл сайын артып келеді. Білім сапасын анықтауда сырттау бақылау- лардың маңызы зор.
Келес ауданында білімнің басты бағыттары баланың сапалы білім алуына бағытталған. Осы арада оқушылардың білім алуына қолайлы жағдай жасау шешімін табуы тиіс ең бірінші мəселе болып табылады. Өткен оқу жылы аудандағы 20 мектепке турникет орнатылып, 13 мектептің қоршауларына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Айта кету керек, білім мекемелерінде жекеменшік күзет агенттіктері жұмыс жасауды бастады. Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында, аудандағы 28 мектепке өрт дабыл түймешесі орнатылды. Биыл «Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс мектептеріне лизинг тəсілімен «Өнеркəсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 12 жаңа заманауи автобустар алынды.
Сапалы оқыту жəне өздігінен оқып, білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тəрбиелеп шығаруға болады.
Балаларға сапалы білім беру мақсатында ауданда жалпы 17 жетекші мектеп 46 серіктес мектеп бар. Жетекші мектептер оқу-əдістемелік, ғылыми- практикалық, тəжірибелік əдістемелік қолдау шараларын үздіксіз жүргізеді. НЗМ ДББҰ, ПШО- ның тəртіптемесіне сəйкес PISA, мұғалім тəжіри- бесіндегі зерттеу, тапсырмаларды əзірлеу жəне сараптау, бейін бойынша біліктілік арттыру курстарына жетекші мектептердің мұғалімдері біліктілік арттырды. Сонымен қатар 2024-2025 оқу жылынан бастап 33 мектеп мақсатты мектептер тізіміне енді. Алдағы уақытта осы мектептерге барлық жағынан қолдау көрсетіледі.
Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, олардың кəсіби жəне əдістемелік дайындығына байланысты, аудандық əдістемелік кабинеті
тарапынан оқу ордаларына тұрақты түрде əдістемелік қолдау көрсетіліп тұрады. Мұғалімдерге көрсетілген əдістемелік қолдаулардың нəтижесінде білім алушылардың жетістігі артып отыр. Білім ордаларындағы бііктілік деңгейі бар педагогтардың үлесі – 68% құрайды. 2026 жылға дейін аталған көрсеткішті 80% жеткізу жоспарланған.
Жалпы ауданның білім сапасын арттыру мақсатында бөлім тарапынан барлық қолдау көрсетіледі. Біздің басты мақсатымыз балаларға сапалы білім беру, мұғалімдердің кəсіби дамуына жағдай жасап, білім мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайту болып табылады.
Білімді ұрпақ – болашақ кепілі. Жаңа оқу жылы қарсаңында барша ұстаздар қауымына шығарма- шылық табыс тілеймін.
Жайлаубай Рахат Сəрсенбекұлы,
Келес ауданының білім бөлімінің басшысы