Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіру – мемле- кеттің басты басымдықтарының бірі. Соңғы жылдары Отанымыздағы білім беру жүйесінде тəрбиені дамыту министрліктің, білім беру мекемелерінің барлық түрлерінің басты бағыт- тарының бірі болып отыр. Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев: «Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тəрбие жəне озық білім беру – өте маңызды міндет»,- деп атап өткен болатын 2023 жылғы 05 қазанда өткен Республикалық педагогтер съезінде сөйлеген сөзінде.
Жалпы білім беретін орта мектеп жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі болуы керек. Бұл барлық мектебіміз саналы халықтық мəдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыпта-суына жағдай жасайтын, бəсекеге қабілетті, елдің ертеңі болатын жас ұрпақты өсіріп, дамытатын мектеп болуы тиіс деген сөз. Бəйдібек ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім ошақтары ел білімінің дамуы үшін еңбек етіп, ерекше үлес қосып жатқанын айта кетейін. Жұмыс жоспарына сəйкес 2024-2025 оқу жылында əдебиеттану ғылымы, сыны, əдебиеттегі білім берудегі маңызы туралы білімдерін қалыптас-тыру, эстетикалық талғамы бар сауатты, мəдениетті тұлға дайындау мақсатында “Шешен- дікке жетелеу” жобасы жүзеге асырылады. Өткен оқу жылында аталған жобаға 7398 оқушы, 170 мұғалім тартылып, алдағы оқу жылдарында қатысушы- лардың контингентін арттыру көзделуде. Жобадан күтілетін нəтиже оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, білім сапасының артуына, ғылыми зерттеу жобаларын жүргізуде, PISA халықаралық зерттеулерде жоғары нəтижеге қол жеткізуге ықпал ету.
Өткен оқу жылында көптеген жоғары жетістік- терге қол жеткіздік. Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушы-ларына арналған жалпы білім беретін пəндер бойынша республикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде С.Əбдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернаттың 10 сынып оқушысы химия пəнінен І орын, «Шаян» мектеп-лицей» 11 сынып оқушысы ағылшын тілі пəнінен ІІ орын, «Жиенқұм» жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы қазақ тілі мен əдебиеті пəнінен ІІІ орын иеленді.
«Жарқын болашақ» атты қазақ тілі мен əдебиеті пəнінен республикалық олимпиадада Батырбек Нұршат (Жиенқұм ЖББМ) 3-орын алды.
Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі олимпиадасының республикалық кезеңінде Асқар Дарина Аянқызы (Қосбұлақ ЖББМ оқушысы) 2-орын алды.
Ауыл мектептері оқушылары арасында ұйымдас- тырылған жалпы білім беретін пəн олимпиадасының республикалық кезеңінде Əнеш Қарлығаш Өтежанқызы (Жиенқұм ЖББМ) 3-орын иегері болды.
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауының республикалық кезеңіне 1 оқушымыз қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Атап айтсақ, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Мұратұлы Нұрбақыт «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін əзірлеу саласында техникалық құрастыру» номина- циясы бойынша марапатталды.
Аудан бойынша 45 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2790 бала тəрбиеленіп, қамту көрсеткіші 98,2 пайызды құрап отыр. Оның ішінде 15 мемлекеттік балабақшада 1290 бала, 28 мектеп жанындағы шағын орталықтарда 690 бала, 8 жекеменшік балабақшада 890 бала тəрбиеленуде.
Бəйдібектік ұстаз ел Президентінен марапат алды. 2023 жылы Астанада республикалық педагогтер съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласын дамыту, ұрпақ тəрбиесі, ұстаздардың деңгейін көтеру, қолдауды күшейту жəне осы саладағы өзге де мəселелерді қозғады.
Ұстаздар күніне арнайы ұйымдастырылған ауқым-ды жиында Президент аса үздік жетістіктері жəне Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын берді. Олардың арасында Түркістан облысынан Бəйдібек ауданы, С.Əбдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернаттың орыс тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Салимова Роза Қуанғалиқызы марапатталды.
Бəйдібек ауданында бесінші рет ұстаздар сыны Шамшыбек Байзақовтың 100 жылдығына орай «Озат ұстаз-2024»байқауыөтті.Байқаудыңақтық кезеңіне жолдама алған 40-қа жуық ұстаздың ішінен 11 үздік ұстаз іріктеліп, қорытынды кезеңде Шаян мектеп- лицейінің ұстазы Серперова Динара бас жүлдеге лайық деп танылып, 2 миллион теңгенің сертифика- тын иеленді. 1-орын иегері Сейтхан Нұргелді 1 миллион теңге, 2-орын иегері Кеншинбаева Эльвира 750 мың теңге, Махашева Гүлстан мен Асанқызы Сəуле 3-орын алып, 500 мың теңге сыйлыққа ие болды.
Облыстық білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесінің 05.06.2024 жылғы No1 хаттамасына сəйкес С.Ерубаев атындағы ЖББМ мұғалімі Жұмағұлова Паршакүл Бекəділқызының «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың оқылым дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру», Ж.Жүнісбеков атындағы ЖББМ ағылшын тілі пəні мұғалімі Кеншинбаева Эльвира Сырлыбековнаның «Ағылшын тілі сабағында цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбын- дағы əдістемелік құралдары озық педагогикалық іс- тəжірибе ретінде облыс педагогтеріне таратылды. Ұрпақ болмысын қалыптастыруда аянбай тер төгіп жүрген қарапайым ұстаздардың жағдайына мəн беру жаңа белестерді бағындыруға жылдам жетелейтініне сенімдімін.
Еңбек еселеніп, жаңа оқу жылы жемісті жеңістерге толы болуына тілектестік білдіремін.
Пернеев Ерболат Аманұлы,
Бəйдібек ауданының білім бөлімінің басшысы