Білімге құштарлық – ұлы ғұлама Әл- Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тектілікке зерделенген он екі қасиеттің бірі болып табылады.Адамзат тарихына, қазақ елінің тарихына қарайтын болсақ, мемлекеттің оның мүддесінің дамуы халықтың өнер-білімге деген құштарлығынан бастау алып отырған Ұлы ғұлама Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ, зиялы адам, білімге құштар болуы, оқып үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып , азаптанбай білімге, жетістікке оңай жететін болуы шарт.
Мұғалім өз ісін сүймесе, оған өзі сүйсіне алмаса, ол шәкірт бойына да білімділікті дарыта алмайды. Ендеше біздің міндетіміз, ұлттық парызымыз бен төл болмысымызды басты нысанада ұстай отырып, әр шәкіртті мектеп қабырғасының өзінде болашағын айқындай алатындай етіп тәрбиелеу. Білім алушыларды XXI ғасырда өмір сүруге дайындау үшін мектеп тәжірбиесіне қалай өзгеріс енгізіп, осы шара барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізілгенін қалай бағалау керектігін терең түсініп, оны іске асыруды көздейді.Білім алушылардың білім деңгейін заман талабына сай болуы үшін: 1) Егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған білім алушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға ұмтыла отырып, оқушының қабілеті мен қызығушылығын арттыру керек.
Әр мұғалім әр сабағын оқушының идеясы мен білім біліктілігін дамытуға ықпал ететін талаптарға сай жоспарлау керек. Тәжірбиелі мектептер өз іс-тәжірбиесімен бөлісу үшін желілік қоғамдастық құруда қолдау көрсете отырып, жетілдіруді ұйымдастыру қажет. Мұндағы мақсат : өзара сенімге негізделген қарым-қатынас арқылы пікір алмасу, бірлестік мұғалімдеріне көмек көрсету. Күтілетін нәтижелер : желілік қоғамдастық арқылы басқа мектептің іс-тәжірбиелерімен, ресурстарымен алмаса отырып жүріп жатқан үдеріске белсене араласу. Осы аталған тәсілдерді ендіре отырып, өз мектебімнің курстан өткен мұғалімдерімен бірігіп қоғамдастық құрып, болашақта жаңа бағдарлама негізінде жаңа тұлғаны дамытады.
Өзгеріс енгізу үшін мектеп ең алдымен өзінің алғашқы кезіндегі ахуалын түсініп, болашақта қандай болғысы келетінін анықтау қажет, яғни жеделдетілген мектеп жобасын іске асыру. Жеделдетілген мектеп жобасына ата-аналар да тартылады. Мектеп қызметкерлері проблемаларды қалай шешу керектігін және команданы қалай құру керектігін біліп, «жалпымектептік жобаның бірінші деңгейіне» көшу арқылы тұрақты оқыту деңгейіне қол жеткізу.
Мектепте ұдайы кәсіби дамуға, сынама бағдарламалар мен әріптестікке негіз ретінде өзінің басты миссиясын қолдану. Әр өткен жыл мен мектепте ойластырылып енгізілген әрбір өзгеріс білім алушылардың табыстылығын түсінуге ықпал ету.
Мектеп бар назарын болашаққа шоғырландыру – мектеп бірнеше жылдардан кейін қандай болады, болашақта өз шәкірттеріне қалай білім береді?
Осылайша, мұғалімдердің жеке дамуы мен көшбасшылыққа жаңа мұғалімдерді тарту есебінен мектептегі білім беру, оқу және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері міндетті түрде білім алушылардың білім деңгейін биікке шығарады.
Қазақстандағы ең жақсы мектеп тәжірбиелері мұқият зерттеліп, одан кейін осы зерттеуден алынған сабақтардың басқа мектептердің ескерілуіне қол жетіп,білім алушылардың реакциясы мұқият зерттелетін зертхана-сыныптар ұйымдастырылуы маңызды.
Ұзартылған шағын топтарды құрып, жұмысты жандандырсақ, онда оқушылар репититорларды іздеп шаршамайды және әр мұғалім өз пәніне жауапкершілікпен қарайтын еді.
Жаңа ғасырда экономиканың дамуы бұрынғыдай мемлекеттің қазба байлығының мөлшеріне, географиялық ыңғайлы орналасуы және тағы басқа мәселелерге ғана тәуелді емес. Керісінше, бүгінде барлық мәселе адамға, оның денсаулығына, біліміне, кәсіби деңгейі мен икемділігіне тәуелді. Мұның бәрін бір сөзбен адам капиталы деп атауға болады. Яғни,біздің балаларымыз-біздің капиталымыз. Балаға қаншалықты күш жігерімізді салып,білім нәрімен сусындатсақ, соншалықты байтақ мемлекетімізді тиімді басқаратын, нәтиежелі еңбек етіп, жаңалықтар ашып, түрлі салаларға инновациялық технологияларды енгізетін білімді азаматтарды тәрбиелейміз.Дамыған елдердегі білім сапасын сараптаған ғалымдар әлемнің 25 еліндегі орта білім беру жүйесін олардың даму динамикасы мен сапасындағы айырмашылықтар неге байланысты екенін анықтау үшін зерттеді. Ғалымдардың мақсаты білім берудегі қайсы факторлар елдің даму дәрежесіне барынша күшті ықпал ететінін анықтау болатын. Сол арқылы білім реформасын жүзеге асырудағы стратегиялық мақсаттарды анықтап, білім берудің ең тиімді жүйесін жасап шығару болатын.
Орта білім берудің ең жетілген жүйесінің тәжірибесі төмендегі факторлардың аса маңызды екенін көрсетті: кәсіби біліктілігі мен адами қасиеттері талапқа сай адамдар ғана мұғалім болуы тиіс,өйткені мұғалім білім алушылардың жан дүниесін жақсы түсінетін болса ғана өз пәніне қызығушылықтарын арттыра алады; олар барынша жоғары дайындықтан өтуі қажет, осы жағдайда
Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес,ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген сөзі әр мұғалімнің әр сабаққа жаңаша идеяларымен толықтырып, білім алушыларды қызықтыратындай терең дайындықпен келуі керек, яғни мұғалім заман талабына сай жоғары білімді болуы керек; әрбір білім алушының терең әрі жан-жақты білім алуына барынша жағдай жасалуы шарт, сонда ғана біз баладан білімді талап ете аламыз. Осының бәрін зерделей келе, мынадай қорытындыға келуге болатындай: Білім беру сапасы тұрғысынан алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылғымыз келсе, төмендегі ұстанымдарға берік болып, оларды үнемі басшылыққа алып отыруымыз қажет:
— мұғалім мамандығының абыройын арттырып, оғанлайық адамдарды тарту, сонда ғана біз мұғалім мәртебесін көтере отырып,оқу үдерісін жақсарта аламыз;
— бұл адамдарды білікті мамандарға айналдыру қажет,себебі әріптестерге ықпал ету үшін,сондай-ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін тәжірбиелі мұғалімдер тәлімгерлік жасап, олардың идеяларын жүзеге асыру мақсатында қолдау көрсетуіміз керек, сонда сапалы және табысты оқытуға қол жеткізе аламыз;
— білім алушылардың белгілі бір бөлігін емес, әр баланың жоғары сапалы білім алуын мақсат етіп, әрбір білім алушыға ерекше назар аударып, тиісті дәрежеде қолдау көрсету қажет. Әрі жекелеген мұғалімдер ғана осылай жұмыс істемей барлық мұғалімдер әр баланың алдындағы жауапкершілікті сезінетіндей жүйе жасалуы шарт.
Оқыту үдерсінде білім алушылардың танымдық іс-әрекеттері мен білім деңгейін жоспарлы дамыта отырып, мынадай өзгерістерді енгізу керек :
Сыни тұрғыда ойлауды дамыту прициптерімен танысу, дамыту.Өйткені,бұл модуль оқушылардың да ,мұғалімдердің де мәнмәтіндік алғышарттар мен басымдықарды белгілей алады,тиісті ақпарат жинай отырып,дәлелдерді сын тұрғысынан талдайды және бағалайды,болжамдар мен ұсыныстар жасайтын болады.
Оқушыларға үй тапсырмаларын дайындауға көмектесетін сыныптар мен тәрбиешілер мемлекет тарапынан немесе ақылы негізде ашылса, ұзартылған күн топтары немесе «репититор мектептері» ашылса,көптеген ата-аналар құптаған болар еді.
Шет елдердегідей бізде де ата-аналар күні мектептерде белгіленсе, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың артуына септігін тигізер еді.
Математика пәнін сынып оқушыларын 2 топқа бөліп оқыту, яғни орыс, қазақ , ағылшын тілдері және технология пәндері сияқты екі топқа бөлінсе,математикадан білім сапасы жоғарылайтын еді.
Қорыта келгенде, біліктілігіміз бен шеберлігімізді арттыра отырып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан меңгерген тұлға тәрбиелеуге өз үлесімізді қосамыз.
Осылайша, білім беруге ұмтыла отырып, еңбегімнің бағаланғаны ретінде марапатталдым.
Дина Өтегенова,
Жетісай ауданы, Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп – гимназияның математика пәні мұғалімі