«Мұғалім өз мамандығының мəңгілік оқушысы” Джон Дьюи. Мұғалім үлкен жауапкершілікке ие мамандық. Жауапкершілігі ұлттың ұлағатты етіп тəрбиелеуінде, тəрбиемен қатар басты міндет — білім беруінде. Мұғалімнің арқасында тұтас буынның құндылық, қасиеттері қалыптасады. Қазіргі жаһандану дəуірінде адам капиталына, білім саласына қойылатын талаптар күн санап артуда. Бұл мұғалімдерді де өзгеріске бейімділік танытып, жаңа дағдылырды игеруге бағыттайды. Заманауи мұғалім көптеген дағдыларға ие болуы керек. Қазірге жаһандану дəуірінде цифрлық сауаттылық, цифрлық дағды маманның кəсіби қызметін сапалы атқаруына көмек береді. Прогрессивті қоғам дамуында педагогтердің де цифрлық дағдылар қалыптас- тыру керек. 2019 жылы əлемдік пандемия кезінде оқытудың қашықтан оқыту формасы енуіне байланысты цифрлық дағдылардың
болуының маңыздылығын айқындап берді. Қазіргі уақыт жылдам дамып, тез құбылуда. Барлық нəрсенің моделі сəт санап өзгеруде. Кеше ғана үйреніп-білген білімің бүгін жарамай қалатын дəуірде өмір сүріп жатырмыз. Оқудың пайдасы ұшан-теңіз екені барлығымызға аян. Адам білмеген нəрсесінің дұшпаны, əсіресе хабары жоқ нəрседен күдіктеніп қорқады, шегіншектеп тартынады. Ал оқып біліп, зерттеп білмеген нəрсесінің табиғатын, қыр-сырын түсінген кезде өз-өзіне сенімділік, батылдық пайда болады. Көкірегі күдіктен сейіліп, қадамы нық, дауысы жарқын шығады. Білімді адамның кез келген іс-əрекеті, адаммен сөйлесу мəдениеті, ұжымды басқару қабілеті, ұрпақ тəрбиелеу- дегі жұмысы, жасаған кəсібіде өзгеше болады. Бұл жайлы Ахмет Байтұрсынұлы былай дейді: “Білім — бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді”.
Мұғалімге оқу процесінде оқушылардың шығармашылық, ойлау жəне зерттеу əрекеттері үшін электронды білім беру ресурстарын пайдалану үлкен перспективалар мен шексіз мүмкіндіктер береді. Мұғалімнің цифрлық дағдыларының компоненттеріне: Цифрлық оқытудың тиімді ортасын қалыптастыра білу. Бұл сабақтарды көрнекі, қызықты етіп өткізу үшін интернет ресурстарды пайдалана білу дегенді білдіреді. Цифрлық оқыту ортасын 2 форматқа бөліп қарастыруға болады. Виртуалды сынып жасауға дайындау. Бұл Google classroom, Zoom, MS Teams, Google Meet т.б. қызметтерде оқыту мүмкіндігі ғана емес, бұл оқушылырды осы ресурстарды тиімді пайдала- нуға үйретуге бағытталады. Əлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін тиімді қолдану. Қазір оқушылардың басым бөлігі Tiktok, Instagram, Youtube аккаунттары бар белсенді қолданушылар қатарын құрайды. Қысқа ғана 30 секундтық ролик, сіздің 45 минуттық сабағыңыздың негізгі формуласымен есебін шығарудың жолын көрсетіп бере алады. Бұл білім берудегі жаһандық заманауи талаптар мен трендтерді ескере отырып, қазіргі зейіннің аударылуы 12 секундтан 8 секундқа дейін қысқаруы дəлел. Қазіргі трендтер əлеуметтік желі арқылы оқушыларға үлкен əсері бар, бұл мұғалімдер үшін əсіресе жастары үшін зор бəсекелестік туғызады. Бұл салада да жарқын жетістікке жеткен, үлкен оқырмандар ауди- ториясына ие болған əріптестерімізде бар. Интернеттен ақпаратты тиімді іздей білу. Ақпараттық заманда бұл өте қажет дағды. Ақпараттың барлығы дұрыс бола бермейді. Керек ақпаратты пайдаланарда сыни ойлау арқылы қабылданғаны дұрыс.
Жаңа ақпараттық коммуникациялық техноло- гияларды сабақта пайдаланудың тиімділігі: Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді; Ақыл-ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады; Ұжымдық іс-əрекетке тəрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;
Жан-жақты ізденушілігін арттырады;
АКТ құзіреттілігін арттырады. Ақпараттық-білім берудегі басты мақсат
оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады. Білім берудің кез-келген саласында АКТ-ны пайда- лану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптасыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. АКТ-ты пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі — пəндік білім, екіншісі — компью- терлік білім. Заманауи АКТ құралдарымен жұ- мыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақты- лыққа, берілген тапсырмалардың нəтижелі орындалуына, басты мəселеге назар аудара білуге баулиды.
Математика сабағында АКТ-ның келесі түрлерін қолдануға болады: Сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны, видео-сабақтарды қолдану; Жаңа сабақты өту кезінде электронды оқулық, интернет материалдарының бірнеше фрагменттерін қолдану; Оқыған материалды бекіту немесе білім мен білікті қолдану сабағында түрлі тапсырмаларды орындауда флипчарттарды қолдану;
Əр сабақта АКТ қолдану арқылы барынша толық жұмыс істеу мұғалімнен шеберлікті, іскерлікті, өте жоғары ұйымдастырушылықты қажет етеді. Сабақ кезінде ақпараттық коммуни- кациялық технологияларды қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын, яғни олардың білім, білік, дағдыларын арттыру мəселесін айтқым келіп отыр. АКТ қолдану арқылы əр түрлі платформаларды да қолдануға болады. Енді оларға тоқтала өтейін.
Жаттығулар мен тапсырмалар үшін:
Khan Academy: Бұл платформа математи- каның барлық деңгейлерін қамтитын бейне- мазмұндар, жаттығулар жəне тесттер ұсынады. Оқушылар өздерінің прогресін бақылап, түсініктерін нығайта алады.
IXL: Бұл интерактивті платформа матема- тикалық дағдыларды дамытуға арналған жатты- ғуларды ұсынады. Əр тапсырмадан кейін автомат-ты кері байланыс беріледі.
Prodigy: Ойын форматындағы математи- калық жаттығулар арқылы оқушылардың дағдыларын дамытуға арналған платформа. Ойын элементтері оқушыларды қызықтырады жəне ынталандырады.
Easy Quizzy бағдарламасын күнделікті сабақта аз уақыт ішінде оқушылардың білімін тексеруге, емтиханға дайындық кезінде, жоғары оқу орындарында студенттердің қорытынды білімдерін тексеруге жəне т.б. қолдануға өте ыңғайлы программаның бірі. Компьютерде орнатылған бұл бағдарлама көмегімен тесттер мен викториналарды құру оңай жəне жылдам болып табылады жəне оны кез келген Windows плотформасында ашуға мүмкіндік береді. Kahoot – интерактивті тапсырмаларды жасау үшін жарқын, қарапайым, тегін қызмет түрі. Бұл сервисті сыныпта əртүрлі викториналарды, пікірта-ластарды, тестілер мен сауалнамаларды өткізу үшін жəне білім алушыларды жылдам тексеру мақсатында қашықтықтан оқыту кезінде қолдануға болады. Kahoot – білім беру жобаларына арналған қосымша. Оның көмегімен тест, сұрау, оқу ойынын немесе білім марафонын жасауға болады.
Визуализация жəне интерактивті құралдар үшін: Desmos: Бұл графикалық калькулятор мен функцияларды визуализациялау үшін өте пайдалы. Оқушылар функцияларды сызып, графиктермен тəжірибе жасап, математикалық тұжырымдамаларды түсіну үшін қолдана алады.
GeoGebra: Математикалық геометрия, алгебра жəне есептерді визуализациялау үшін қолданы-латын құрал. Оқушылар графиктер мен геометрия-лық фигураларды өз бетімен зерттей алады. Стереометрия есептерінде оқушыларға жиі қиындық тудыратын бірінші кезең, яғни есептің шартына сəйкес сызбасын сызу болып табылады, өйткені ол абстрактілі ойлау қабі- летін көрсетуді талап етеді. Бұл кезеңде сызбаға ең маңызды орын беріледі. Оқушы жалпы сызбаға қарап, осы кеңістіктік денені елестете алуы жəне тапсырма шарты бойынша мəлімет- терді анықтай алуы маңызды.
Математика сабақтарында цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мұғалімге оқушы- лардың танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік береді. Сабақтар мазмұнды, заманауи, қызықты бола бастайды, ал оқушылар сабақ материалын жақсы меңгере бастайды.
Сандық білім ресурсы мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ мұғалімге қосымша материал- дарды ұсынады, яғни сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық технологиялар- дың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, сабақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, өмірлік тəжірибелермен, оқушылардың пəнге деген қызығушылық- тарымен жəне т.б. құбылыстармен байланыс- тыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Исаева Закура Амирхановна,
«Зерде» жалпы білім беретін мектебінің математика пəні мұғалімі.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы