ХХІ ғасыр — білім мен ғылымның ғасыры. Бұл ғасырда сапалы білім алып, ғылымның тереңіне үңілген білікті мамандар жаһандану заманында бəсекеге төтеп бере алады. Сонымен қатар, бүкіл дүниежүзін қамтыған жаһандану құбылысында алға нық қадам басу үшін жаһандық құндылықтарға да табан тіреу керек. Сондықтан да бұл кезеңде білім мен ғылымның алар орны ерекше екендігі айтпаса да түсінікті.
Бүгінде Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты 76 мектеп (34 мемлекеттік, 42 жекеменшік), 142 мектепке дейінгі мекеме (21 мемлекеттік, 121 жекеменшік), 6 мектептен тыс мекемемен жұмыс жасап келеді. 2023-2024 оқу жылында мектептерде 52668 оқушы, балабақ- шаларда 17152 бала білім мен тəрбие алды. Сонымен қатар, 5181 педагог жұмыс жасағанын да айта кеткен жөн.
Жұмыстың жүйелі болуы, білім сапасының нығаюы ең алдымен педагог кадрлардың сапасына байланысты екендігі даусыз. 2023- 2024 оқу жылында еңбек еткен 5181 мұғалімнің 4515-і мемлекеттік мектептерде, 666 мұғалім жеке мектептерде еңбек етеді. Олардың ішінде жоғары санатты – 26, І санатты – 36, ІІ санатты – 51, «Педагог» — 1744, «Педагог-модератор» — 1261, «Педагог-сарапшы» — 1039, «Педагог- зерттеуші» — 936, «Педагог-шебер» — 88 мұғалім болып отыр.
Түркістан қаласының білім беру мекемелері облыстық білім басқармасы жəне облыстық білім беруді дамыту орталығының келісімімен бекітілген жоспар аясында жұмыс жүргізеді. Жоспар бойынша əдістемелік қызмет жүйесінің қызмет етуі мен дамуын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, конференциялар, форумдар,
семинарлар, олимпиадалар, байқаулар, шебер сыныптар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, озық педагогикалық тəжірибені жинақтау, зерделеу, тарату, педагог новаторлармен жұмысты үйлестіру, əдістемелік десанттық топтың жұмысын үйлестіру, «Əдіскер-жаңалық жаршысы» онлайн ақпараттық сағаттарын өткізу, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институ- тымен жасалынған меморандум аясында жұмыстар атқару, білім беруді дамыту мақса- тында онкүндіктер ұйымдастыру, «Олимпиада мектебі» жұмысын ұйымдастыру, «Ашық есік» күні жұмысын жандандыру, Білім сапасын арттыру мақсатында тірек мектептерінің жұмысын үйлестіру, инновациялық процес- стерді əдістемелік сүйемелдеу, инновациялық қызмет бойынша облыстық, республикалық, халықаралық ынтымақтастықты дамыту жұмыстарын іске асырып келеді.
Білім сапасын көтеру бойынша ізденіс жұмыстары үнемі тоқтаған емес. Нəтижесінде жыл сайын білім сапасы мен оқушыларымыз- дың жетістіктері де жоғарылап келеді. Алдымен бүгінгі білім сапасының жағдайына тоқталар болсам, Түркістан қаласы облыстағы қала жəне аудандар арасында алғашқы қатардан түспей келеді. 2022-2023 оқу жылында білім сапасы 60% болған болса, 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша қала мектептеріндегі оқушылардың білім сапасы 62,4%, орта баллы 4,14 болып отыр. Бұл облыс көлеміндегі ең жоғары нəтиже екендігін де айта кеткенім жөн.
Биылғы жылы орта мектепті 2826 оқушы бітірді. Олардың ішінде 168 оқушы «Алтын белгі», 174 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Бұл өткен жылғыдан едəуір жоғары көрсеткіш. Ал, пəндік олимпиадалардағы жетістіктерді айтар болсам, 2022-2023 оқу жылында облыстық негізгі олимпиадаларға 114 оқушы қатысып, 77 оқушы жүлдегер атанса, Республикалық олимпиадаға қатысқан 8 оқушының ішінен 7 оқушы олимпиада жүлдесін жеңіп алды. 2023-2024 оқу жылында облыстық олимпиадаларда 143 оқушыдан 99 оқушы, Республикалық олимпиадаларда 10 оқушыдан 7 оқушы жүлделі орындарды жеңіп алды. Сондай- ақ, түрлі деңгейдегі байқаулар мен оқуларда 150- ден астам оқушыларымыз облыстық жəне республикалық байқаулардың жеңімпазы атанды.
Балалалрдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Мектепке дейінгі жəне орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз ету» тапсырмасына сəйкес қаланың 34 мемлекеттік, 42 жекеменшік мектептер, 21 мемлекеттік, 121 жекеменшік балабақшалар 100% бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген. Мектептердің барлығына дабыл батырмалары орнатылып, облыстық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Олар бұлтты сақтау технологиясымен жұмыс істеуге қабілетті. 2023 жылдан бастап барлық мектептерде кəсіби күзет қызметі жұмыс жасауда.
Білім беру саласында жүйелі жұмыс жүргізу материалдық базаларға да байланысты екендігі ақиқат. Сондықтан биылғы оқу жылына дайындық барысында 4 мектепте күрделі, 7 мектеп пен 7 балабақшада ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, іске асырылуда. Сонымен қатар, қуанышты жаңалықтарымыздың бірі «Жайлы мектеп» жобасы аясында 3 мектептің құрылысы болып отыр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мектептерді жылдың соңында яғни желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Бір сөзбен айтқанда, жұмыс жүйелі, өз деңгейінде жүргізілуде. Алда нақты жоспар- ларымыз бар. Сондықтан білім сапасын нығайту бағытында педагогтарымызбен қарқынды жұмыс жүргізуді жалғастырып, киелі қаланың атын тек биіктен көрсетеміз деп ойлаймын.
Қолдасова Оразкүл Шайхықызы,
Түркістан қаласының білім бөлімінің басшысы