Бүгін аудан орталығындағы Жібек жолы көшесінің бойында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтуде.
Шара барысында көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 20 баланың ата-анасына облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбековтің демеушілігімен 50 мың теңгеден қаржылай көмек табысталды.
Жәрмеңкеге жергілікті кәсіпкерлер қатысып, кеңсе құралдары мен балалардың мектеп формаларын қолжетімді бағада тұрғындарға ұсынуда.
Айта кетейік, биылғы оқу жылы қарсаңында аудандағы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың мектеп жасындағы 1250 балаға мемлекет тарапынан 43 мың 407 теңгеден 54 млн 258 мың 750 теңге жеке көмек қарастырылуда.
Бұдан бөлек, аудан әкімі аппараты мен бюджеттік мекемелер тарапынан әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 107 балаға оқу құралдары мен мектеп формалары, аяқ киімдері және сөмкелер табысталады.